» » «ПЕДАГОГ» КӘСІПТІК СТАНДАРТЫ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ БАСТАЛДЫ

«ПЕДАГОГ» КӘСІПТІК СТАНДАРТЫ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ БАСТАЛДЫ

Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Педагог» кәсіби стандартын әзірледі. Өрлеу стандартты негізді және іс-әрекеттік түсіну үшін педагогтер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

2022 жылдың 17 қазаны күні Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы №25 мектеп-гимназия базасында Жетісу өңірі бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтіп жатқан барлық пән мұғалімдеріне «Педагог» кәсіби стандартын ақпараттық-түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастырылды.

 Семинарды «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор М.К.Бисенбаева жүргізіп, жаңа стандарттың қаншалықты қажеттілігі, білім сапасына, педагогке әсері қандай деген сұрақтарға жауап берді. Оған қоса, стандарттың педагог біліктілігін арттыру мен үздіксіз кәсіби дайындық мүмкіндіктеріне тоқталды.

Семинар барысында институт тренерлері Т.М.Умирзаков, Н.Кылышбекова, Г.Жарылғамысовалар пікірлерін ортаға салып, ақпараттандыру нәтижесінде білім беру бағдарламалары, педагогтерді сертификаттау және аттестаттау рәсімдері, үздіксіз кәсіби даму мазмұны әзірленіп, жаңартылатындығын айтып өтті.

Айгүл Нұрақбай,

Дереккөз: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы

бойынша кәсіби даму институты,

PR маманы

18 қазан 2022 г. 3 470 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 276 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 628 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031