» » Армысың, әз-Наурыз!

Армысың, әз-Наурыз!

 Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты «Қарлығаш» балабақшасында жан-жақты аталып өтті, деп хабарлайды edunews.kz ақпарат агенттігі.

750-дей бала тәрбиеленетін еліміздің алдыңғы қатарлы мектепке дейінгі ұйымдарының бірі «Қарлығаш» балабақшасында Наурыз мейрамына орайластырылған іс-шаралар легі бір апта бұрын басталған болатын. Мерекеде балалар өз өнерлерін ортаға салып, көктем мерекесіне арналған тақпақтарын айтты, тамылжыта ән салып, мың бұрала би де биледі. Балабақшаның барлық топтары жыл басы Наурызды ертегілердің кейіпкерлерімен бірге қарсы алып, қойылымдарға қатысып, Қыдыр атаны қарсы алып, батасын алды.

Балабақшаның үш объектісінде тәрбиеленушілер Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған суреттерін салып, көрмеге қатысты, тәрбиешілерімен бірігіп, түрлі қолөнер бұйымдарын жасады. Мерекелік іс-шарада ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті. Бүлдіршіндер күш сынасып, асық ойнап, арқан тартты, орамал алу, теңге ілу, қыз қуу тәрізді ұлттық ойындардан сайысқа түсіп, жылдамдықтары мен ептіліктерін көрсетті.

Тағы бір атап өтерлігі, мерекелік іс-шараларға ата-аналар мен ата-әжелер де атсалысты. Ата-аналар кішкентай өнерпаздардың өнерін тамашалап қана қоймай, өздері де қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп берді. Әжелер педагогтармен бірге бесікке салу рәсімін көрсетсе,  ақсақалдар балдырғандарға ақ батасын берді.

«Қарлығаш» балабақшасының педагогтары Наурыз мейрамын тойлау арқылы балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сiңiру, қазақ халқының тарихын және дәстүрлерiн түсіндіру арқылы бүлдіршіндердің өз елiне, жерiне деген сүйiспеншiгін қалыптастыруды мақсат етеді.



20 наурыз 2023 г. 11 960 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 961 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031