» » Мектеп басшылығы мұғалімнен 6 млн. теңге талап етіп отыр

Мектеп басшылығы мұғалімнен 6 млн. теңге талап етіп отыр

  2017 жылдың, 18 тамызы күні Шымкент қаласы «Еңбекші аудандық соты» қаладағы N38 мектепке байланысты сот отырысы болып өтті.

 Тағы да естеріңізге сала кетейін, арыз беруші талапкерлер: N38 мектеп директоры Айман Жүсіпова және директордың екі орынбасары Дана Асылбекова мен Айжамал Қозыбековалар осы мектеп мұғалімі
Гүлжан Салимбаеваны сотқа берген болатын.

Арыз беруші талапкерлер, мұғалімді желіге «жалған ақпарат» таратқаны үшін және «мектептің және біздің беделімізге нұсқан келтірдің» деп, әр қайсысы 2 000 000 теңгеден, 6 000 000 теңге моральдық зардап шығынын талап етіп отыр (мұғалім, бар-жоғы мектептегі орын алған, дөрекі келеңсіздіктерді желіге салып, қоғамнан араша сұраған).

Азанғы 11-30 да басталған сот отырысы араға екі сағат үзіліс жариялап кешкі сағат 19-00 аяқталды.

Осы сот отырысы өзінің бірнеше ерекшеліктерімен және судьяның алдыңғы және кейінгі сот отырыстарында бірнеше заң бұзушылық фактілерін жариялап, жауапкер Гулжан Сәлімбаеваның судьяның үстінен арыз-шағым беруімен ерекшеленді. Осы арыз-шағым берілгеннен кейін судья екі сағат үзіліс жариялап, тағайындама анықтамасын жауапкерге ұсынды. Осы көптеген заң бұзушылық фактілеріне байланысты берілген арыз-шағымға, судья М.Айменовтың тағайындама анықтамасының көшірмесі де сіздердің назарларыңызға қоса ұсынылып отыр.

 Сонымен сот отырысы қызды-қыздымен ақыр аяғында сотты жүргізуші судья Қ.Ізбасаров: белгісіз біреулердің оған "егер соттың шешімі Г. Сәлімбаеваның пайдасына шешілмесе, өміріне қауіп төнетінін" айтып ескертіпті. Бізді таң қалдырғаны сонда бұл не? Алдын-ала өзін сақтандыру ма, әлде қарапайым мұғалім Г.Сәлімбаеваға қыр көрсету ме? Осы жағы бізге түсініксіз болды. Осыған байланысты судьяға қоқан-лоқсы көрсеткен адамның үстінен қылмыстық іс қозғалуы керек.

Егер келешекте судьяның әділ шешім шығаруына біреулер шынымен де кедергі келтіріп жатса, онда біз блогерлер мен журналистер және қоғам белсенділері судьяны қорғауға дайынбыз.

Ескерту: келесі сот отырысы 04.09.2017 жылы, сағат 15-00 ге белгіленді.

Ардақ Әшімова

Facebook-тегі парақшасынан

Дереккөз:abai.kz
21 тамыз 2017 г. 4 172 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 198 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 875 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930