» » Астанада мұғалімдерге берілетін сыйлықақының көлемі артады

Астанада мұғалімдерге берілетін сыйлықақының көлемі артады

 Астана әкімдігі «бірыңғай бұлтты бухгалтерияны» енгізу есебінен жыл сайын 200 млн теңге үнемдеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат
 Бүгін Астана қаласы білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде елорда әкімі Әсет Исекешев  қыркүйектен бастап барлық мектепте «бірыңғай бұлтты бұхгалтерия» енгізілетінін айтты. Осындай шешім мектеп директорлары мен басшылығын шаруашылық жүктемелерден ішінара босататын болады. «Қазіргі кезде мектеп директорлары көбінесе қаржылық әрі шаруашылық мәселелермен айналыса отырып, оқу процесіне назар аударуға уақыттары қалмайды. Атап айтқанда, педагогтар шаруашылық мәселелермен емес, бірінші кезекте баланың дамуымен айналысуы керек. Сондықтанда кезең-кезеңмен бұл міндетті шешетін боламыз», - деді Астана әкімі. Оның атап өтуінше, бұлтты бухгалтерия қаржылық менеджменттің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы орайда сатып алуларды орталықтандыру есебінен жыл сайын 200 млн теңге үнемделеді. «Бұл қаржы педагогтарға сыйлықақы беруге бағытталатын болады»,-деді ол.
23 тамыз 2017 г. 2 681 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 862 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 749 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930