Супермаркетте ұрлық жасаған мектеп директоры ұятқа қалды (видео)
Ростов облысындағы Сальск қаласында "Магнит" супермаркетінің күзетшісі егде жастағы әйелді ұрлық үстінде ұстап алды. Кейін ол өзінің бұрынғы мұғалімі әрі мектеп директоры екенін таныды, - деп хабарлайды Bloknot.
Ер адам ұрлыққа тосқауыл қоюмен шектелмей, оқиғаның видеосын Интернетке таратып жіберген. Күзетші түсіріп алған кадрларда зейнеткерден жасырын қалтасы бар сөмкесін ашуды талап етеді. Онда азық-түлік табылады. "Мынау не сұмдық? Бұлай істеуге бола ма? Бір кездері менің директорым болған едіңіз ғой", - дейді кадр сыртындағы ер адам.
Желі қолданушылары осыған байланысты дауласып жатыр, біреулері ұрлық жасаған зейнеткерді сөксе, бірі күзетшінің бұл ісіне сын айтқан.