» » Қызылордада жол апатынан қаза тапқан балабақша тəрбиешісінің отбасына 1 млн теңге беріледі

Қызылордада жол апатынан қаза тапқан балабақша тəрбиешісінің отбасына 1 млн теңге беріледі

  Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде апатқа ұшыраған балабақша көлігіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Ермек Құдайбергенов және облыстық медицина орталығы бас дәрігерінің орынбасары Нұриддин Амитов қатысып, қайғылы оқиғаның жай-жапсарын айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 "25 тамыз күні сағат шамамен 09:30-да А.Тоқмағанбетов-Жанқожа батыр көшесінің қиылысында екі көліктің соқтығысу салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алды. көліктің бірі «Хандәулет» балабақшасының бала тасымалдайтын автокөлігі болған. Осы апаттан 1985 жылы туылған Сейілова Эльмира Мейрамбекқызы аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Жасанды тыныс, қарқынды емге қарамастан жүрек таң ата тоқтады. Апатта қайтыс болған Эльмираның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Балабақша тарапынан 1 млн теңге қаржы беріледі. Қала әкімдігі тарапынан барлық қажетті көмектер көрсетілетін болады", – деді қала әкімі орынбасары Ш.Байманов.

Жол-көлік апатына кінәлі жүргізуші Досжанов Қыдырәлі 24 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны. «Хандаулет» жеке балабақшасына 23.01.2017 жылы келісім-шартпен жұмысқа қабылданған екен.

"Апатқа ұшыраған 4 жастағы балалар балабақшаның орта тобының тәрбиеленушілері. Алдағы уақытта олардың денсаулығы ұдайы бақылауда болады. Жол-көлік оқиғасы кезінде бала тасымалдайтын автокөлікте 11 бала болған. Барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, балалар ауруханасында медициналық тексерілуден өтті. 8 бала ата-анасына тапсырылып, үйлеріне қайтарылды. 3 бала орта деңгейлі жарақатпен Тасбөгет кентінде орналасқан балалар ауруханасына ата-анасымен брге жатқызылды. Көлікте бірге болған 1992 жылы туылған тәрбиеші Сәрсенбек Айдана бас-ми жарақатын алған. Орталыққа түскен кезде жансақтау бөліміне жатқызылып, бүгінде нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Емін қабылдауда, жағдайы тұрақты", - деді Н.Амитов.

Қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Ермек Құдайбергенов жол апаттарының саны азайғанымен, жол ережесін бұзатындар саны әлі де көп екенін айтады.

"Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар 16 пайызға азайғанымен, балабақша жүргізушілері тарапынан жауапкершілікке бей-жай қарайтындар әлі де көп. Осы уақытқа дейін 34 балабақша жүргізушілеріне айыппұл салынып, ескерту берілді. Енді бала тасымалында арнайы заңда қарастырылған бапты қолданатын боламыз", – деді қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Құдайбергенов.

Айта кетейік, 120 орындық «Хандаулет» жеке балабақшасына тиесілі «Мерседес Спринт» микроавтобусы қарсы бетке шығып кетіп Газ-53 май таситын көлігіне соғылған болатын. Апат салдарынан тәрбиеші қайтыс болды.

Ибраш ӘЛИ


29 тамыз 2017 г. 2 781 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031