» » Ақмола облысының әкімі Жібек жолы орта мектебіне жаңа автобус сыйлады

Ақмола облысының әкімі Жібек жолы орта мектебіне жаңа автобус сыйлады

 Ақмола облысының әкімі Мəлік Мырзалин 1 қыркүйек - Білім күні Аршалы ауданындағы Жібек жолы орта мектебіне жаңа автобус сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
 Аталмыш білім ордасында өткен алғашқы қоңырау рəсіміне қатысқан аймақ басшысы еліміздің тәуелсіздік алған жылдардан бергі уақытта қол жеткізілген жетістеріне тоқталды. Сонымен қатар, осында жиналған ұстаздар мен оқушыларды және ата-аналарды қуаныштарымен құттықтай келе, білім ордасына жаңа автобустың сертификатын тапсырды. «Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекеттік саясатының арқасында елімізде білім беру саласына зор көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде өңірде 18 білім ордасында құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта 5 миллиард теңге қаржы бөлініп, үш ауысымда оқыту мəселесі шешілуде. Оған қоса, 400 астам мектеп мультимедиалық кабинеттермен қамтамасыз етілді. 1 миллиард теңгеден астам қаржыға оқулықтар сатып алынды. Мектептердің материалдық-техникалық базасы бір шама жақсартылды», - деді аймақ басшысы өз сөзінде. Ашылғанына жеті жыл  ғана болған Жібек жолы ауылындағы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектеп бүгінде алдыңғы қатарлы білім ошақтарының біріне айналды. Аталмыш мектеп 2011 жылы пайдалануға берілгенде оқушылар саны екі жүзге толмаса да, биылғы оқу жылында 800 жүзден асып отыр. Оқушылардың 50 пайызға жуығы жақын маңдағы ауылдардан тасымалданады. «Оқушыларымыз түрлі республикалық, спорттық интеллектуалдық жəне спорттық жарыстарда топ жарып келеді. Шүкір бүгінде балаларын қазақ мектебіне беруге ынталы ата-аналар көбейді. Биыл оқушыларымыздың саны 150 балаға көбейіп, 852 оқушыны құрады. Оның ішінде 119 бала мектеп табалдырығын тұңғыш рет атап отыр», - деді мектеп директоры Ғалия Махамбетова.


02 қыркүйек 2017 г. 2 559 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 717 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 337 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930