Астаналық оқушы Андрей Малаховты есте сақтау қабылетімен таңқалдырды
Мәскеуде дарынды балалар туралы телебағдарламаның түсірілімі өтті. 10 жасар астаналық Максим Саруханов «Андрей Малаховпен тікелей эфирде» бағдарламасының кейіпкері болды. Бағдарлама Мәскеуде, 30 тамыз күні түсірілген, деп хабарлайды astana.day Инстаграмда.
Бір жыл бұрын Максимді «Россия-1» телеарнасындағы «Ғажап адамдар» бағдарламасына қатысуға шақырған. Максим қазір елордадағы лицейде білім алып жатыр, бес жасынан бері ментальды арифметикамен айналысады. «Ғажап адамдар» бағдарламасының редакторлары математикалық қабілеті бар балаларды іздеген. Олар Мәскеудегі ментальды арифметика мектебіне барған, ол жерде оларға балалардың деректерін берген. Олар үш баланы, соның ішінде біздің Максимді таңдап алған. Ұйымдастырушылар оның есте сақтау қабілетін тексермекші болады. Арнайы ол үшін тапсырма ойлап тапқан, біз үйде түсірілімнен алдында жаттықтық. Соның нәтижесінде бағдарламаға келіп, Максим бірінші орын алды және финалға шықты», - деді Максимнің анасы Ирина Шаповалова. Максимге 70 басқыштың ішінен тек жасыл түстілерін есте сақтап алу тапсырмасы берілген. Сол бойынша оқушының өз анасын алып өтуін сұраған. Максимнің ата-анасы телебағдарламадағы түсірілімдерге қатысуын жалғастырған. Бірнеше уақыт өткен соң «Россия-1» телеарнасында «Ұлт алтыны» жаңа бағдарламасы ашылып, ондағы ойында жас қазақстандық қола жүлдегер атанды - жоба жүргізушісі астаналық балаға он метрлік пиццаның салмағын есептеуді тапсырған. Ол әр ингредиенттің салмағын жеке өлшеп шыққан. Максим тапсырманы оп-оңай орындаған. «Жексенбі күні «Ғажап адамдар» жобасының екінші маусымы басталады, бізді оның аңдатпасына түсу үшін Малаховтың бағдарламасына шақырды. Андрей бағдарламаға қатысқаннан кейін өміріміздің қалай өзгергенін сұрады. Максимге теңдеудеен есеп берді, ол оп-оңай шығарды», - деп қорытындылады Ирина.