» » Алматылықтар Білім күнін велошеру және футбол лигасымен атап өтті

Алматылықтар Білім күнін велошеру және футбол лигасымен атап өтті

  Алматылықтар Білім күнін велошеру және футбол лигасымен атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
 Ақпараттық және спортық ХАБ-тың хабарлауынша, бұл күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында апта сайын өтетін велошеру Білім күніне арналып, аула командалары футболдан бақ сынады. «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталып, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті стадионында аяқталған 11 шақырымдық қашықтықты 800-ге жуық адам бағындырды. Олардың арасында Ыстық көлден Алматыға 500 шақырым жүріп келген «Шексіз спорт» веломарафонының қатысушылары да бар. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылды, велошерудің демеушісі «Officeair» компаниясының атынан сертификаттар табысталды. 17-жастағы алматылық Рамазан Құрбанов велосипед ұтып алды. «Мен бұл велошеруге алғаш рет келген едім, күтпеген жерден велосипед ұттым. Қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Алдағы уақытта қалдырмай келуге тырысамын», - деді Рамазан Құрбанов. Сонымен қатар, белсенділік танытып, ерекше көзге түскен алматылықтар «Спорттық Алматы» ұсынған арнайы футболкалар мен қыркүйектің 9-і күні «Алматы Аренада» өтетін жекпе-жек кешіне арналған билет ұтып алды. Олар «Alashpride» спортшыларымен суретке түсті. Ал, осы шарамен қатарласып өткен аула командалары арасындағы теңбіл доп додасына 1000-ға жуық бала мен ересек адамдар қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша, «А» лигасында 64 команданың арасында «Кристал Пэлас», «Император» және «Майами» ұжымдары жүлделі орындарға ие болса, «Б» лигасында «Арланс», «Тастақ», «Арсенал» ойыншылары 56 команда ішінен үздіктер қатарынан көрінді. Олар медаль, диплом және осы жарыстың демеушісі «Мaxi чай» компаниясының сусындарымен марапатталды. «Бүгінгі біздің ойынымыз өте әсерлі әрі керемет болды деп ойлаймын. Әр жарыс сайын тек жеңіске ұмтыламыз. Ылғи да футбол ойындарына дайындықпен келеміз. Бұл жеңісіміз соңғы емес деген сенімдімін», - деді «Кристал Пэлас» командасының ойыншысы Аслан Төлеген. Айта кетер жайт, «Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.


04 қыркүйек 2017 г. 1 462 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 049 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031