» » Астанада жаңа оқу жылы үлкен айқаймен басталды

Астанада жаңа оқу жылы үлкен айқаймен басталды

 Үш ауысымдық білім беруге қарсы шыққан ата-аналар бүгін тура мектепке келіп, шу шығарды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

 “Жұмыстан сұранамын қайта-қайта. Ыңғайсыз. Ал 45 минутта мұғалімнің әр оқушыға 1-ақ минут уақыты кетеді”, – дейді ата-аналар.

Осылай деп наразылық танытқан ата-аналар сабақтың түскі 12 жарымда басталатынына ашулы. Оның үстіне оқушы саны көп, бір сыныпта 43 бала білім алуда. Кейбір сыныптарда әр партада үш-үштен отыруға мәжбүр. Ол аздай, ұстаз да жетіспейді.

Жалпы, Астана бойынша 27 мектепте дәл осындай жағдай. Құрылысы жаңадан басталған 10 мектеп салынып бітпейінше бұл мәселе шешілмейді екен. Ал ата-аналары шулап жүрген № 84 лицейді былтыр президенттің өзі келіп ашқан еді. Негізі, мектеп 1200 шәкіртке арналған.

Алайда, ЭКСПО қалашығы ашылған соң, бала саны еселеп артыпты. Сондықтан мектеп басшылары үш ауысымнан басқа амалымыз жоқ деп отыр.

“Биылғы жылы тек бастауыш сынып оқушыларының саны 1360 жетті. Ал мектеп бойынша 2300 бала отыр”, – дейді № 84 мектеп-лицей директорының орынбасары Гүлнұр Омариева.

Дереккөз:stan.kz.
06 қыркүйек 2017 г. 2 095 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 608 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930