» » Түркиядағы төңкеріске қатысы бар 11 мұғалім елден шығарылды - Назарбаев

Түркиядағы төңкеріске қатысы бар 11 мұғалім елден шығарылды - Назарбаев

 Ақордада журналистермен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұрын қазақ-түрік лицейлерінде жұмыс істеген 11 мұғалімнің 2016 жылғы Түркиядағы төңкеріске қатысы бары анықталып, олардың елден шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 Кездесу барысында «Қазақстан-Заман» газетінің журналисі Елбасыға бұрын қазақ-түрік лицейлерінің бұрынғы оқытушылары үрей үстінде отырғанын, олардың қазіргі Түркияның саясатына алаңдаушылықпен қарайтынын айтып, осы мәселе жөнінде Қазақстан президентінің пікірін сұрады.

 «Құрметті президент, біздің тәуелсіздігімізді алғашқы мойындаған Түркия болатын. Оны сіз үнемі айтып та жүрсіз. Осы күнге дейін түрік бауырлармен қарым-қатынасыңыз жақсы. Алайда бүгінде еліміздегі түрік ұстаздардың алаңдаушылығы басым. Оның себебін өзіңіз де білесіз. Ол - Түркиядағы бүгінгі саясат. Осы тәуелсіздікпен бірге еліміздегі білімнің дамуына еңбек сіңірген азаматтардың келешегі мен олардың алаңдаушылығы туралы сіздің пікіріңізді білсек», - деді журналист.

 «Түркияда болған төңкеріске тоқталайын. Төңкеріске байланысты (Түркия билігі) Фетхуллах Гүлен деген түріктің төңірегінде жүрген адамдарды кінәлі деп санап, көп адамдарды жауапкершілікке тартты. Түрмеге отырғызды. Соның ішінде Гүленнің қоры құрған бізде Қазақ-түрік лицейлері бар. Соның ішіндегі мұғалімдердің барлығы соныкі (Фетхуллах Гүлендікі) деп маған Ердоған мырза 2-3 рет айтты», - деді Президент.

 Осы орайда Мемлекет басшысы Түркия президентіне былайша жауап бергенін жеткізді.

 «Мен «Бізде жұмыс істеп жүрген адамдар қылмыскер емес. Мен оларға жаманшылық жасай алмаймын» дедім.  Олардың кейбіреуі «Түркияға барсақ, бізді отырғызады, жібермеңіздер» деп сұрайды», - деді Президент.

Сонымен қатар Елбасы бұрынғы қазақ-түрік лицейлерінің барлығы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігіне қарайтынын айтты.

 «Біз осы мәселені шешу үшін қазақ-түрік лицейлерінің барлығын Білім және ғылым министрлігіне бердік. Өзіміз қор құрдық. Біразын аталған қорға бердік. Сондықтан оларға Түркияның да, Гүленнің де қатысы жоқ» деді Мемлекет басшысы.

 Нұрсұлтан Назарбаев бұрын қазақ-түрік лицейлерінде жұмыс істеген ұстаздар туралы да айтты.

 «Түрік мұғалімдері жөнінде. Олардың ішінде Түркиядағы төңкеріске кінәлі дегендердің біразын біз қайтардық.  Меніңше, 11 адам. Ал біразы өздері сұранып шетелге кетіп қалды. Енді қалғандарын кеше келгенде Ердоған мырза менен қайтадан сұрады. Мен «Қалғандарының ешқандай қылмысы жоқ. Егер бізге қылмысы бар деп дәлелдер көрсетсеңіздер, онда құқық қорғау органдары біріге отырып, қарасын. Қылмысы жоқ адамдарды отырғызып немесе сіздерге байлап бере алмаймын» деп келістік. Менің ойымша, бұл мәселені жаптық», - деп түйіндеді сөзін Қазақстан президенті.

15 қыркүйек 2017 г. 3 381 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 063 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 821 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930