» » Депутат балабақшалардың жұмыс уақытын ұзартуды сұрады

Депутат балабақшалардың жұмыс уақытын ұзартуды сұрады

 Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман мемлекеттік балабақшалардың жұмыс уақытын бір сағатқа ұзартуды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 Депутат Кәрібай Мұсырман вице-премьер Ерболат Досаевқа жолдаған депутаттық сауалында балабақшадан сәбиін уақытында алып кете алмай, қиналып жүрген ата-аналардың мәселесін көтерді.

"Бүгінгі таңда еліміздегі кәсіпорындар мен мекемелерде, жергілікті және орталық мемлекеттік органдарда сәбилері мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдарға баратын жүздеген мың ата-ана еңбек етіп жүр. Олар үшін қазір өз бүлдіршіндерін балабақшадан уақытында алып кету мәселесі елеулі проблемаға айналып отыр. Себебі, біріншіден, еліміздегі мектеп жасына дейінгі мемлекеттік балалар мекемелері негізінен таңғы сағат 7.30-дан кешкі 18.00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Ата-аналардың көпшілігінің жұмыс уақыты да 18.00-ге дейін болғандықтан, олар балабақшаға белгіленген мерзімде барып үлгере алмай, қиындық көріп жүр", - деді депутат бүгін мәжілістің жалпы отырысында.

Екіншіден, оның айтуынша, кей жерлерде сағат 18.00-ден кейін балабақша ғимаратының ішінде қалуға рұқсат етілмегендіктен, балалар мен тәрбиешілер ата-аналарды ауа райының қандай жағдайында болсын, сырттағы аулада күтуге мәжбүр. Алдағы қысқы мезгілде бұғанасы бекімеген, нәзік сәбилердің өз ата-аналарын балабақша ауласында суық ауада күтіп қалуы олардың денсаулығына да зардап тигізері анық.

"Үшіншіден, тәрбиешілерге бекітілген жұмыс уақытынан тыс қызмет көрсеткені үшін қосымша ақы төлеу қарастырылмағандықтан, олар балаларын уақытында алып кетпеген ата-аналарға реніш білдіріп, өзара кикілжің туындауда. Төртіншіден, кейбір ата-аналар балабақшаға тезірек жету үшін асығып, жеке көліктерінің жылдамдығын асыратындықтан, олар ірі елді мекендерде, әсіресе, үлкен қалалардың көшелерінде түрлі апаттық жағдай туғызып жүргендігі де жасырын емес. Сондай-ақ жуырда Астанада қаласындағы балабақшалардан шығып, ата-аналарын күтіп тұрған сәбилерді бөтен, сенімсіз кісілердің тәрбиешілерді алдап, сұрап алып кетуге әрекеттенген фактілер орын алғандығы да алаңдайтпай қоймайды", — дейді Мұсырман.

Осыған орай, сайлаушылармен кездесулер барысында ата-аналар депутаттарға шағымданып, елдегі мемлекеттік балабақшалардың жұмыс уақытын кешкі 19.00-ге дейін дейін ұзартуға немесе кезекші топтар ұйымдастыруға жәрдемдесуді өтінген.

"Сонымен қатар қазіргі кезде мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар тәрбиешілерінің кешкі сағат 18.00-ден кейін ата-аналардың балаларын алып кеткенше жұмыс істеген уақыты үшін қосымша еңбекақы төленбей отырғандығы қолданыстағы еңбек заңнамасын бұзушылық болып табылады. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып, аталған өзекті мәселені республика көлемінде жан-жақты қарастырып, оны оңынан шешу қажет", — деп түйді сөзін депутат.

Дереккөз:Алаш айнасы
20 қыркүйек 2017 г. 2 216 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 000 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 798 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930