» » Атырауда кондукторлар мектеп оқушыларын автобустардан түсіріп кетіп жатыр

Атырауда кондукторлар мектеп оқушыларын автобустардан түсіріп кетіп жатыр

 Атырауда соңғы бір аптаның ішінде оқушыларды жаппай автобустан түсіріп тастаған екі жағдай тіркелді.Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

 “Мен 7-сыныпта оқимын. Аялдамадағы барлық адамдар міне бастады, кезек бізге жеткенде кондуктор “Болды, сендерге орын жоқ” деп айтты. Негізінде біз сыйып кетер едік. Ол солай айтты да, есікті жауып алды”, – дейді қыз бала.

Ал оқушыларды жаппай автобустан түсіріп тастаған екінші оқиға №2 автобуста тіркелген. Куәгерлердің айтуынша кондуктор тиісті аялдамаға дейін жеткізбей оқушыларды күштеп түсіріп кетіпті.

“Кондуктор оқушыларға Шалқыма деген аялдамадан түсіп қалыңдар деді. Сосын өзі күштеп түсіріп тастады. Біз наразылық танытып, оқушыларға күш көрсетуге қандай құқығың бар деп едік, “бір автобуста 5 оқушыдан аспауы керек” дейді. Оның мұндай ережені қайдан тауып алғанын білмеймін”, – дейді тұрғын.

 Оқушылар балаларды мінгізуден бас тартқан автобус нөмірін суретке түсіріп алыпты. Енді кондуктордың әрекетіне қатысты шара қолданылуы мүмкін.

Дереккөз:stan.kz.
21 қыркүйек 2017 г. 2 739 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 24 070 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 23 512 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728