» » Мұғалім мектептің 30 мың доллар ақшасын казиноға тігіп, ұтылып қалған

Мұғалім мектептің 30 мың доллар ақшасын казиноға тігіп, ұтылып қалған

 АҚШ-тың Мичиган штатында тұратын мұғалім мектепке тиесілі ақшаны ұтысқа қойып, ақыр соңында ұтылып қалған. 29 жастағы ұстаз мектеп қажеттілігіне жұмсалуға тиісті 30 мың долларды казино үстелінде қалдыруға мәжбүр болған.Бұл туралы New York Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Лидия Кристин желге шашқан ақшаның 19 мың доллары мектеп балына, ал 12,5 доллары экскурсияларды ұйымдастыруға жұмсалуы тиіс болған.

Басылымның хабарлауынша, құмар ойынға тәуелді болған әйел бас-аяғы 90 мың доллар көлемінде ақша ұтылып қалған.

Мектеп мұғалімі біреудің мүлкін иеленіп, оны өз пайдасына асырғаны үшін айыпталып отыр. Сот отырысы 5 қазанға белгіленген. Педагогтың кінәсі дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

25 қыркүйек 2017 г. 2 156 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 164 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031