» » Оралдық оқушылар тегін тартылуы тиіс дәптерді ала алмай жылап жүр

Оралдық оқушылар тегін тартылуы тиіс дәптерді ала алмай жылап жүр

  Жаңа оқу жылымен қабаттасып келетін оқулық дауы әлі бітер емес! Бюджеттен миллиардтап ақша бөлінсе де, ақтаулық оқушылар тегін таратылуы тиіс жазу дәптерін әлі ала алмай жүр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

 Яғни, екінші сыныпқа қазақ тілі кітабымен қоса берілуі тиіс 4 бірдей оқу құралы мүлдем таратылмаған. Ал, оны сатып алу ата-ананың қалтасына ауыр тиейін деп тұр. Өйткені, сөздігі бар, бәрін қосқанда 10 мыңға жуық қаржыны қажет етеді. Ал, білім басқармасындағылар оқушылар қарапайым дәптер қолдана берсін деуден әрі аспады. Қолжетімсіз болып жатқан осы дәптерлер. 2 сыныпқа арналған мұндай оқу құралдары негізі қазақ тілі кітабымен қоса тегін таратылуы керек. Ал, бұларға оқулығы берілгенімен, дәптерін бірде-бірі көрмеген.

“Біз Қазақстанның түкпір-түкпіріне хабарласып білдік. Мұндай жазу дәптері  бәріне тегін таратылған. Орал, Өскемен, Астанада тапшылық атымен жоқ. Ақтауға бөлінген ақша қай қалтада кеткен сонда?!” – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Виктория Леоненко.

Десе де, мектепке жетпеген дәптер дүкен сөрелерінде толып тұр. Тек оны сатып алуға кез-келгеннің жағдайы жетпейді. Өйткені, жазу дәптерінің өзі 7 мың теңге тұрады. Әрі олмен бірге берілуі тиіс сөздік те оқушыларға таратылмаған. Ондай орысша-қазақша сөздіктің өзін 2 жарым мың теңгеге сатып алу қажет. Сонда, бір сыныпта 30 оқушы барын ескерсек, балалардың бәрін тегін таратылмаған оқу құралымен қамтамасыз ету үшін 285 мың теңге кетеді.

Бірақ, ата-аналар мұндай шығыннан түбегейлі бас тартып отыр. Олар Үкімет бірінші кезекте қазақ тілін үйренуге жағдай жасаса дейді. Өйткені, балалары тұрмақ, өздері де мемлекеттік тілді үйренуге құлшынып тұр.

“Немереммен бірге орыс балалар оқиды. Олардың өздері де, ата-аналары да қазақ тілін үйренгісі келеді. Осы тілде сөйлеп, жазуды армандайды. Бірақ, мектептің өзінде оған мүмкіндік бермей отыр”, – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Нұрсұлу Епесова.

Ал, мектеп басшылығы мен білім басқармасындағылар бүгін мәселенің оңай шешімін тауыпты-мыс. Өзге оқушылардың бәрі жаңа дәптерге жазып жүргенде, бұлар қарапайым дәптермен отыра берсін дейді жауаптылар. Өздері соған рұқсат бергендеріне мәз. Ал, қазақ тілі дәптерінің тапшылығына оқушы санының аяқасты көбеюі себеп көрінеді.

“Жыл сайын біздің облысымызда бала саны артуда. Орта есеппен 5,6,7 мыңға артуда. Биылғы бөлінген қаражаттың шегінде оқулықтар сатып алынды. Өз жұмыстарын кәдімгі жәй дәптерге жазуға рұқсат етіледі”, – дейді Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева.

Осылайша, айналып келгенде ата-аналар өз қотырын өзі қасуға мәжбүр болды. Сөйтіп, баласының біліміне алаңдаған олар, әр сыныпқа бір-бір дәптерден сатып алып, қалғандарына соның көшірмесін жасайтын болып тарқасты.

Дереккөз:stan.kz.
29 қыркүйек 2017 г. 2 233 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 128 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 846 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930