» » Білім және ғылым миистрлігінде ҰБТ және мектеп оқулықтарын дайындау тәртібін өзгерту мәселелері талқыланды

Білім және ғылым миистрлігінде ҰБТ және мектеп оқулықтарын дайындау тәртібін өзгерту мәселелері талқыланды

 Парламент Мәжілісі мен Сенаты депутаттарының, мектептер мен колледждер директорларының, білім басқармалары мен ата-аналар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен өткен басқосуда «Ақ жол» партиясы парламенттік фракциясының бастамасымен көтерілген мәселелер қаралды. Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда, «Ақ жол» партиясы парламенттік фракциясы өкілдерінің ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне түсуге ниетті мектеп түлектерін ҰБТ тапсырудан  босату туралы ұсынысы қызу талқыланып, қатысушылардың басым көпшілігі тарапынан қолдау таппады – Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлының ойынша, талапкерлердің білім сапасын төмендетуге әкеліп соқтыруы ықтимал шешім асығыс қабылданбауы тиіс. Министрлікке келесі жылы ҰБТ өткізу тәртібін өзгертпей, мектептегі білім беру сапасын арттыруға көбірек назар аудару қажеттігі айтылды.  Сонымен қатар, басқосуға қатысушылардың дені ҚР БҒМ оқулықтар сапасын арттыруға бағыттап ұсынған жүйелі іс-шараларды қолдайтындарын айтты. Бұл шараларды «Оқулық» РҒПО директоры Бейбіткүл КӘРІМОВА жеткізді:  

- бастауыш, негізгі және жоғары мектептер оқулықтарын апробациядан міндетті түрде өткізу (қазір бұл тек бастауыш мектеп оқулықтарына ғана қойылатын талап).

- Оқулықтарды дайындаушыларға қойылатын жаңа талап: оқулықты ғалым мен жоғары санаттағы және пән оқыту тәжірибесі мол практик-мұғалімдерден тұратын авторлық ұжым жазуы тиіс  (бүгінге дейін оқулықты тек практикадан алыс ғалым, не болмаса ғылыми жұмыспен айналыспайтын тәжірибелі мұғалім жаза алатын).

- Пәндік сараптамаларды күшейту үшін апробацияға дейінгі пәндік сараптау енгізіледі. Ол сарапшыларға өз ескертулерін апробацияға дейін жасап, апробациядан кейінгі сараптама барысында қателіктердің түзетілгенін бақылай алады.

- Оқулықтарда орын алған полиграфиялық олқылықтар мен қателіктер үшін баспалардың жауапкершілік аясы белгіленбек. Сондай-ақ, баспалар тұтынушыларына кітап түрінде шығарылған оқулықпен бірге оның электрондық үлгісін де ұсынуға міндетті болмақ.

- Оқулықтарды басып шығармас бұрын, қоғамдық бағалау барысында жасалып, порталға түскен түзетулердің ескерілуі мен ұсыныстардың енгізілуін тіркеу және қадағалау жүйесі ендіріледі. Сонымен қатар оқулықтардың жобалық үлгілері мектептерге, пән мұғалімдерінің практикалық сараптамаларына жіберу міндеттеледі.

- Мектеп оқулықтары бағаларының негізсіз күрт жоғарылатуды болдырмау мақсатында оларды пәндік комиссиялардың бағалау параметрлеріне жаңа критерий қосылмақ – оқулық бағасы оның жоғары мазмұндық сапасына сәйкес болуы шарт.

Талқылау барысында оқулықтарды қайта басып шығару, сондай-ақ, қаржыландыру циклы бойынша әр төрт жыл сайын шығарылатын тираждың 100% сатып алу міндеттіліктерінің күшін жою ұсынылды. Бұл ұсыныс қабылданса, жергілікті атқарушы органдар оқушылар санының өзгеруі мен кітаптарды ескіру факторын назарға ала отырып, жыл сайын оқулықтардың қажетті көлемін ғана сатып алуы тиіс болады. Жаңа оқулықтарды тек  МЖМБС (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) түбегейлі өзгеріп, білім бағдарламалары жаңартылған жағдайда ғана әзірлеу ұсынылды. Тағы бір ұсыныс – оқулықтар келесі басылымдарда түзетіліп, кітап нұсқаларын ауыстыру біртіндеп жүргізіледі. Сонымен қатар, талқылау барысында орта және жоғары сыныптарда негізгі оқулықтармен қатар  балама кітаптардың болуын міндеттеу мәселесі қарастырылды – қазіргі кезде алтернативті оқулық енгізу мүмкіндігі бар, бірақ  міндеттелмеген.  “Ұсынылып отырған шараларды осыдан үш жыл бұрын қабылданса, бүгін осы мәселе төңірегінде туындап жатқан сұрақтар әлдеқайда аз болар еді»,- деп пікір бөлісті Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева.

10 қазан 2017 г. 3 529 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 259 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 622 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031