» » «Болашақ өз қолыңда: ойлап шығар да қалыптастыр» атты республикалық эссе конкурсының қорытындысы

«Болашақ өз қолыңда: ойлап шығар да қалыптастыр» атты республикалық эссе конкурсының қорытындысы

 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен зияткерлік меншік Ұлттық  институты  оқушылар арасында «Болашақ өз қолында: ойлап шығар да қалыптастыр» атты ең үздік эссе республикалық конкурсын өткізді.Бұл туралы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Конкурстың мақсаты: оқушылар арасында зияткерлік меншік саласындағы білімді дәріптеу, патенттік мәдениет негіздеріне дағдыландыру және ойлап шығару мен патенттеудің экономикасы дамыған мемлекетті құрудағы маңыздылығын түсіндіру.

Республика бойынша конкурсқа қатысуға 190 өтінімдер (эссе) қабылданды.

Павлодар облысынан жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептері 8-11 сынып оқушыларының 32 жұмысы қабылданды. Сайысқа Павлодар, Екібастұз қалалары, Ертіс, Качир, Железин, Павлодар, Успен аудандарының мектептері қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша Павлодар ауданы, Маралды жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Кун Расул ІІІ орынға ие болды. Железин ауданы Башмачин жалпы орта  білім беру  мектебінің 10 сынып оқушысы Арылбаева Диана және Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы  Гергерт Анна алғыс хатпен марапатталды.

24 қазан 2017 г. 5 296 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 571 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930