«Балаға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар форум-фестивалі
2017 жылғы 20-21 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу шеңберінде Астана қаласында «Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивалі өтеді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің, Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы бойынша уәкіл және Қазақстандағы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өтеді.
Республикалық Форум-фестивальдің мақсаты – «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақтың жасампаз азаматтық ұстанымы мен бай рухани құндылығын қалыптастыру.
Форум-фестивальдің жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен келген 320 бала – қоғамдық ұйымдарының көшбасшысы, республикалық және халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың және шығармашылық байқаулардың жеңімпазы қатысады.
Қатысушылар үшін елімізде балалар қозғалысын ұйымдастырудағы және жандандырудағы өзекті мәселелерді талқылауға, балалардың шығармашылық, ғылыми, қоғамдық әлеуетін көрсетуге, балалар ұжымдарының арасында шығармашылық байланыстарды нығайтуға, шешім қабылдауға қатысудағы балалардың құқықтарын жүзеге асыруға арналған алаңдар ұйымдастырылатын болады.
Балалар Астананың көрнекті жерлерін аралайды.
Форум-фестиваль қатысушылардың гала-концертімен аяқталмақ.
Қатысушы балаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілетін болады.
Өткізу орны: Астана қ., Б.Момышұлы көшесі 5, Оқушылар сарайы.
Форумның ашылуы: 20 қараша сағат 9.00
Республикалық форум-фестивальға қатысушы-балалар концерті: 20 қараша, сағат 18.00-де, Бейбітшілік және келісім сарайының Опера залы, Тәуелсіздік даңғылы, 57.
Форумның жабылуы: 21 қараша сағат 9.00
БАҚ өкілдерін а.ж. 20 қараша форум-фестивальдің ашылуына, 20 қараша гала-концертке, 21 қараша жабылу салтанатына шақырамыз.
Аккредиттеу pressa.edu@gmail.com поштасы арқылы.