» » Биыл республикалық бюджет есебінен 110 мектеп салынып жатыр

Биыл республикалық бюджет есебінен 110 мектеп салынып жатыр

 Жаңа мектептердің салынуы - Елбасының жаңа оқу орындарын құру мен үш ауысымды мектеп мәселесін шешубойынша жүктелген міндетті орындау болып табылады, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

 2018 жылы тек республикалық бюджет есебінен 53 млрд. теңгеге 110 мектеп салынды. Биылғы жылы 72 мектеп пайдалануға беріледі, оның ішінде 49 мектеп 1 қыркүйекте есігін ашса,жыл соңына дейін 23 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 72 мектептің үшеуі Ақмола облысында, Ақтөбеде - 9 мектеп, Алматыда - 6,ШҚО - 1, Жамбыл - 4, БҚО - 3, Қарағанды - 3, Қызылорда - 5, Маңғыстау - 8, Түркістан - 20, Алматы – 7,Астана қаласында – 3мектепсалынған.

2015-2017 жылдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектептердің құрылысына 135 млрд. теңге бөлінгенін атап өткен жөн. Бұл қаражатқа 108 жаңа мектеп салынды. 3 жылдың ішінде ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджет есебінен 347 жаңа мектеп салынды. Яғни, 235 жаңа мектеп салу жоспарланғанымен, жоспар147%-ға асыра орындалды.

Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрлігі тарапынан жекеменшік мектептердің құрылысын ынталандыру бойынша шаралар қолданылуда. Атап айтсақ, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке меншік мектептерге орналастыруға мүмкіндік беретінтолықтырулар енгізілді.

Сондай-ақ, қазір құрылыс нормалары мен ережелері оңтайландырылып, жан басына қаржыландыру әдісіне өзгертулер енгізілуде. Апробация нәтижесінде мектептерді басқару бойынша жинақталған жаңа тәжірибе республиканың басқа өңірлеріне, атап айтқанда, демографиялық өсімі жоғары облыс орталықтарында жоба түрінде іске асатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018-2019 оқу жылында Қазақстанның 7024 мектебіне 3 млн. астам оқушы мектепке барады, оның ішінде 350 мыңы - бірінші сынып оқушылары.

03 қыркүйек 2018 г. 1 778 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 834 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930