» » БҒМ өкілдері балалардың смарт-сағат қолдануына қатысты пікір білдірді

БҒМ өкілдері балалардың смарт-сағат қолдануына қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балаларға қандай жағдайларда мектепте смарт-сағат тағуға тыйым салынатыны жайлы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат агенттігі. Ведомстводағылардың мәліметінше, әрбір мектеп пен мектепке дейінгі мекемелердің өкілдері гаджеттерді қолдануға тыйым сала ма, жоқ па - өздері шешеді. "Білім беру" туралы заңның 43-бабына ("Білім беру ұйымдарының құзыреті") сәйкес, білім беру ұйымы оқу-тәрбие процесін қалай жүзеге асыру керектігін өз бетінше шешеді. Ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту де мекеменің құзыретінде", - делінген БҒМ өкілдерінің редакция жолдаған сауалға берген жауабында. Сондай-ақ, министрлік өкілдері оқушылардың смартфон немесе смарт-сағаттар қолдануы жайлы мәселенің білім беру мекемесінің ішкі тәртібі бойынша реттелетінін айтып өтті.
20 қыркүйек 2018 г. 2 016 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 850 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 744 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930