Теміртау мектептерінде сыныптардың жабылып жатқаны рас па?

Айта кетейік, Facebook парақшаларында Теміртау қаласының мектептерінде 20 жиынтық-сыныптың жабылатыны туралы ақпарат тараған болатын. «2018 жылдың 1 қыркүйегінде Теміртау қаласының 29 мектебі орташа толығуы 25,3 адамды құрайтын 903 жиынтық-сыныптармен толықтырылды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 700 адамға толықты, жиынтық-сыныптардың саны - 24 бірлік. 5 мектепте толықтыру төмен болғандықтан және бюджеттік қаражаттың тиімді пайдаланбауы салдарынан аз қамтылған сыныптарды біріктіру арқылы 6 жиынтық-сынып оңтайландырылды. Барлық оқушылар сол мектептерде қалып, біріктірілген сыныптарда оқып жатыр. Ол сыныптарда оқушылар барынша толыққан», - делінген Білім басқармасының хабарламасында. Сонымен қатар атап өтілгендей, барлық мектептер қажетті педагогикалық кадрлармен қамтылған. Жаңа оқу жылында 17 мектепте дефектологтар мен логопедтердің штаттары, 5 мектепте ұзартылған оқу сыныптары ашылған. «Қаланың білім саласының бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд теңгеге өсті (2017 жыл - 6,3 млрд теңге, 2018 жыл - 7,1 млрд теңге). Білім беру-тәрбие процесі штаттық режимде жүргізілуде», - деді басқармадан.