Хиджаб киетін он алты оқушының ата-анасына айыппұл салынды
Атырауда мектепке орамал тағып келген оқушылардың ата-аналарына жалпы алғанда шамамен 200 мың теңге (Ұлттық банк бағамы бойынша 550 доллар көлемінде) айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik ақпарат агенттігі.
"Мой ГОРОД" порталы хабарлағандай, Атырау облысында 20 қыз діни киіммен оқуға келеді.
"Міндетті мектеп формасын кию ережесі барлығына ортақ. Алдымен ата-анаға ескерту жасалады", — деді аймақтағы Білім саласын бақылау департаментінің басшысы Сатқан Есенғалиев.
Оның айтуынша, егер балалар ережені бұзуын жалғастыра берсе, онда Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 409-бабы бойынша (Қазақстанның білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу) олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қолданылады, онда 10 АЕК (24050 теңге немесе 67 доллар) айыппұл қарастырылған.
"16 ата-анаға қатысты іс сотқа жолданды, содан кейін олардан бес АЕК көлемінде айыппұл өндіру туралы шешім қабылданды, бұл 12025 теңге (33 доллар — Sputnik)", — деді Есенғалиев.
Өткен жылы мектеп оқушыларының ата-аналарына қатысты алты іс қаралған болатын.