» » Балабақшадағы сұмдық: тәрбиеші үш баланы пышақтап тастады

Балабақшадағы сұмдық: тәрбиеші үш баланы пышақтап тастады

Полицияның мәліметінше, бір қыз ауруханаға ауыр хәлде түскен. Балалардан бөлек, екі ересек адам жарақат алды, деп хабарлап отыр Sputnik ақпарат агенттігі.

Қанды оқиға егде әйелге шабуылдаудан басталған, оған 31 жастағы ер адам араласқан, оның аяғынан пышақтаған. Содан кейін балаларға шабуылдай бастайды. Бұл кезде бөлмеде тоғыз бала болған.

Құқық қорғаушылар зардап шегушілердің өміріне қауіп жоқ екенін атап өтті. Қылмыскер біраз уақыттан соң балабақшаның жертөлесінен табылды, ол өзіне қол жұмсамақ болған. Қазір ауруханада жатыр, оны полиция бақылауға алды. Әйел қанды қоқиға болған балабақшада жұмыс істегені белгілі болды. Неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.

22 қыркүйек 2018 г. 2 312 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 107 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031