» » Ерлі-зайыпты баласын ренжіткен оқушыны жабылып ұрып тастады

Ерлі-зайыпты баласын ренжіткен оқушыны жабылып ұрып тастады

 Жаға ұстатарлық оқиға 20 қыркүйекте №42 мектепте болған. Үзіліс кезінде екінші сынып оқушысының әкесі ұлын ренжіткен бесінші сынып оқушысын ұрып тастаған. Ер адам жасөспірімнің мойнынан ұстап алып, іштен тепкілей бастаған. Бұған қоса, баланы балағаттаған. Оқушы ер адамнан құтылып, көшеге жүгіріп шыққанда, оны әлгі сабаған адамның әйелі ұстап алған.

Осыдан кейін ерлі-зайыпты баланы жабылып сабай бастаған. Мұны көрген мұғалімдер дереу оқушыға араша түсіп, жанжалды тоқтатты. 5-сынып оқушысы ауруханаға жеткізілді.

Зардап шеккен баланың анасы полицияға шағымданған, аталған факті бойынша тексеріс жүріп жатыр, деп жазады Sputnik URA.RU ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Челябинск облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ирина Буторина дүйсенбіден бастап жан-жақты тексеріс жүргізетінін мәлімдеді.

"Оқиғаның мән-жайын анықтаймыз, дүйсенбіден бастап кірісеміз. Мектеп тарапынан барлық қажетті шара қолға алынған-алынбағанын тексеріп, лауазымды тұлғалардың әрекетіне баға береміз", — деді ол.

Білім беру мекемесі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

24 қыркүйек 2018 г. 1 950 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 072 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 824 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930