» » Түркістан облысында балабақша басшысының былығы әшкере болды

Түркістан облысында балабақша басшысының былығы әшкере болды

 Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы "Айсəуле" мемлекеттік балабақшаның меңгерушісі қарамағындағыларға қыр көрсетіп, онымен қоймай түрлі құйтырқы әрекеттерге жол беріп келген. Бөбекжайдағы қызметкерлер жемқорлық пен қызметін асыра пайдаланушылықтан қажығандарын алға тартты. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Əр қызметкер 2-3 адамның жұмысын істеймізБірақ бір ғана қызметтің айлығын аламыз.

Есесіне қайын атасын құжатпен ресми жұмысқа рəсімдеп қойып, 2-3 жылдан бері айлығын өзі алып отыр.

Наразылық танытқандарға меңгеруші "Ұнамаса кетіңдер! Ақша жоқ!" деп айқайлайды. Жалақымыз 30-33 мың теңге. Ауылда басқа жұмыс болмағасынбіз үшін бұл үлкен сома боп тұр.

Кіріптармыз жалақыға байланыстыБірақ меңгерушінің заңды белден басқанына шыдау енді мүмкін емес", - дейді "Айсəулемемлекеттік балабақшаның күзетшісі Нұрғали Жартаев.

Аядай ғана "Момынайауылында орналасқан мемлекеттік балабақшаның меңгерушісі қарамағындағылардың жалақысын "жеп", бармақ басты көз қыстымен талай қаржылық шикіліктерге жол беріп келген. Осылай деп шырылдаған балабақша қызметкелері бұл мəселемен талай есікті тоздырғандарын айтады.

"Ауылды жер болғасын үндемей-ақ келдікДау дамай шығарғымыз келмедіБірақ басынып барады.

Аспаздарға дейін "безсодержаниеге" шығарып жіберді. Олар Астанаға барып екі-үш ай жан бағып, жұмыс істеп келді. Ал меңгеруші болсааспаздардың жалақысын өзі алып келген", - дейді балабақша күзетшісі Нұрғали Жартаев.

Бүгінде "Айсəуле" балабақшасының меңгерушісі денсаулығына байланысты ем қабылдауда екен.

"Тамыздың 20-сына əкелінген "больничныйқағазы бар біздеОл əлі жабылмағанТабель толтыру кезінде байқағаным одан кейін ешқандай қағаз əкелінбегенМеңгеруші əлі де сонда "больничныйда".

Мен бұл балабақшаға 2018 жылдың ақпан айында əдіскер ретінде жұмысқа орналастым. Бұл қызметке меңгерушінің өзі шақырған еді.

Ұжымдастардың сөзінен шетінен меңгерушінің былықтарын есіте бастадым. 20 мамырда "безсодержаниеге" кеткен тəрбиешінің мамырмаусым айларындағы жалақысын меңгерушінің өзі алып келгенін байқадым.

Сондай ақбалабақшаның санитарлық жағдайына да меңгерушіміз өте салғырт қарайтын", -дейді "Айсəулемемлекеттік балабақшасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Зульфия Жолтаева.

Мемлекттік балабақшаның меңгерушісі еңбек демалысына немесе "больничныйғашығып кетіпдаулы мəселенің сағыздай созылуына сеп болып жүр екен.

"Нұр Отан" партиясының Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында балабақшадағы былықтардан əбден қанық болған Парламент мəжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова осынша уақыт мәселенің шешімін таппаған жергілікті шенеуніктерге шүйлікті.

"Жағдайды ушықтырыпшағымданушыларды шырылдатып осынша уақыт созып келгендеріңізге қарағандамүмкін меңгерушіні "крышоватьететін шығарсыздар?!

Тексеру жұмыстары жүріп жатқан уақытта балабақша меңгерушісін қызметтен шеттету керек", - деген депутат ханым бұл даудың барысын жеке өзі қадағалайтынын айтты.

Тіпті оңтүстіктің жауаптыларына сенімсіздік танытқан Қазбекова ханым есімхатын арызданушалырдаң қолына өзі ұстатты.

"Меңгерушінің "больничныйдаболғаны себепті қазір міндетін атқарушы жұмысын жалғастыра бередіАл қаржылық құйтырқылықтардың орын алғаны не алмағаны туралы құзырлыларМемлекеттік кірістер Департаменті арнайы тексеру жүргізіпанықтай жатар", - деді "Нұр Отанпартиясы Түркістан облыстық филиалы басшысының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов.

26 қыркүйек 2018 г. 1 814 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031