» » Сабақ оқысын деп қызының телефонын алып қойған әйел түрмеге түсіп қалды

Сабақ оқысын деп қызының телефонын алып қойған әйел түрмеге түсіп қалды

 АҚШ-та 15 жастағы қызының телефонын алып қойған әйелдің басы бәлеге қалды, жасөспірімге смартфонды әкесі Рождество мерекесіне сыйға тартқан екен, деп хабарлайды Sputnik.
Мичиган штатында тұратын әйел сабақ оқысын деп қызының телефонын алып қойған. Алайда әдеттегі тәрбиелеу шарасынан кейін Джоди Мэй қамауға алынды. Полиция қызметкері оның үйіне келіп, ұрлық жасағаны үшін айыптап, қолына кісен салған.
"Бұл мәселе неліктен насырға шауып кетті және бұған қалай жол берілді деген сұраққа жауап алғым келеді. Мен өз баламды тәрбиеледім, не үшін қолыма кісен салды?", — дейді ашынған ана.
Джоди түрмеге жабылды, онда ол бірнеше сағат отыруға мәжбүр болды, одан кейін әйелді 200 доллар кепілдікпен босатқан. Кейінірек Джодидің "ұрлық" жасағанын бұрынғы күйеуі хабарлағаны анықталды. Ұялы телефон оның қызына алып берген рождестволық сыйлығы болып шықты, ер адам қызын қатал анасынан осылай қорғамақ болған көрінеді.
Істің мән-жайы анықталғаннан кейін сот Джодиге тағылған айыптардың күшін жойды.


01 қазан 2018 г. 2 497 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031