» » ҚР ДСМ: Қазақстанның медициналық ЖОО-лары үштілді білім беру жүйесіне көшуі керек

ҚР ДСМ: Қазақстанның медициналық ЖОО-лары үштілді білім беру жүйесіне көшуі керек

 Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздің медицина ЖОО-ларының оқытушылар құрамы кезең-кезеңімен ағылшын тілін меңгеріп жатқанын айтты, деп хабарлайды 24.kz.
«Біз барлық жоғары оқу орындарының үш тілді оқытуға көшуін талап етеміз. Оқу бітіріп шыққан маман қазақ тілді болсын, не орыс тілінде сөйлейтін, тіпті шетелдік науқастармен тілдесе алуы керек. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті былтырдан бері үш тілде оқытады. Қазір ондағы оқытушылар ағылшын тілінде сабақ береді. Біз барлық университеттерге қанша оқытушы ағылшын тілін оқып жатқанын және ағылшын тілінде сабақ беретін оқытушылар санын көрсететін жылдық индикатор қойдық», – деді министр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазірде Intermediate деңгейінде ағылшын тілін білетін оқытушылар саны – 15,1%. Ал Қазақстандағы кей жеке медициналық университеттер шетелдік студенттерге қазірдің өзінде ағылшын тілінде білім беруде.
«Министрлік медициналық жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерді тартуын құптайды, себебі бұл – экспортқа бағытталған қызмет. Әсіресе, халқы тығыз орналасқан Үндістан мен Пәкістаннан білім алуға ниеттілер көп. Мұнда ЖОО үшін үлкен мүмкіндік пен көмек бар. Шетелдік студенттерді оқытып, тапқан қаржысына университет өз инфрақұрылымын дамытып, керек-жарағын алады, барлық студент қолданатын кітап қорын толықтырады», – деді Е.Біртанов.


01 қазан 2018 г. 1 600 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 229 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031