Оқушыларды құтқарып, өзі апатқа ұшырады

Оның мәліметтерінше, жол апаты 1 қазан күні сағат 8:00-де орын алған. «Біздің қызметкеріміз Шу даңғылы мен Осмонқұл көшесінің қиылысында балаларға жолдан өтуге көмектесіп тұрды. Өздеріне қарай жақындап қалған жүк көлігін көрген ол екі баланы құтқару үшін машина алдына жалма-жан кесе-көлденең тұра қалған. Қатты соққы салдарынан жарақаттанған қызметкер ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады баспасөз қызметінде. Қазіргі кезде жүргізуші ұсталып, оның көлігі айыппұл тұрағына қойылды.