» » Кеше Астанада көлік қағып кеткен үш оқушының біреуі комада жатыр

Кеше Астанада көлік қағып кеткен үш оқушының біреуі комада жатыр

 Астаналық дәрігерлер кеше Момышұлы көшесінің бойында көлік қағып кеткен үш оқушының қазіргі жағдайы туралы айтты деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 Астанадағы №2 қалалық аурухана таратқан хабар бойынша кеше Момышұлы- Аманат көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасынан кейін клиникаға 03.03.2007 туған Мұса Фатима мен 27.05.2007 Файзулла Анель түскен.

"2007 жылы туған Ф.Мұса жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Бала ауыр жарақат алған, қазір жағдайы өте ауыр. Есін білу деңгейі - кома 1. Ауруларды қабылдау бөлмесінде баланы тексеріп, қарап шыққан дәрігерлер мынадай диагноз қойды: бірнеше органға зақым келген, жабық бас сүйегі-ми жарақаты. Ауыр дәрежедегі ми жарақаты. Маңдай сүйегінің сынуы. Торлы қабық астына қан құйылу. Көкірек қуысы органдарының зақымы (жүрек, өкпе). Құрсақ қуысы органдары мен бүйректің зақымы. Жамбас сүйегінің сынуы. Сол жақ шынтақ буыны мен оң жақ табан буынының жарақаты. 2-3 дәрежедегі травматикалық шок.

Зардап шегушілер Анестезиология, жан сақтау және интенсивті терапия бөліміне жатқызылды, қосымша зертханалық және инструменталдық зерттеулер жасалды (компьютерлік томография, ултьрадыбыстық тексеру) және операцияға арналған көрсеткіштер қойылды. Операция алдындағы дайындықтан соң 2017 ж. 5 қыркүйекте опреация жасалды» делінген хабарламада.

Дәрігердің айтуы бойынша баланың маңдай сүйегі ішке кіре сынған, қазіргі уақытта халі аса ауыр, аппарат арқылы дем алып жатыр. Интенсивті терапия жалғасуда.

Ал екінші бала Файзулла Анельдің оң жақ тізесі мен табаны сырылған, оның тізесіне гипстік гангет қойылған. Файзулла Анельді ауруханаға жатқызуға қажеттілік болмаған. Ол тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Еске сала кетейік, кеше Астанада Момышұлы көшесінің бойында автокөлік үш оқушыны қағып кеткен болатын. Қалалық ІІД мәліметі бойынша жүргізуші оның себебін телефонмен сөйлесіп келе жатып байқамай қалдым деп түсіндірген.

05 қыркүйек 2017 г. 1 959 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 205 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031