Ақтаулық оқушы менталдық арифметикадан әлемдік рекорд орнатуға атсалысты

Орынгүл Арыстан, №17 мектептің оқушысы:
– Жарыста 150 қыз болды. Барлығымызға бір қарындаш берілді. Ішінде есептер жазылған парақ таратылды. Сосын уақытты қойып, қарындашты бір-бірімізге беріп, кезекпен шығардық, кейін уақытты тоқтатты.
Қарлығаш Әбдірейімова, менталдық арифметика инструкторы:
– Бұл алғашқы жеңісіміз емес. Былтыр 2017 жылы Малайзия елінде халықаралық олимпиада өтті. Онда да қанжығасына 1-орынды байлап келген болатын. 2018 жылы осы тағы да өзінің талантымен қатар өзінің біліктілігін, жан-жақты интеллектуалды алған білімін тағы бір дәлелдеп келді.