» » Жоғалып кеткен ақтөбелік тәрбиеші Алматыдан табылды

Жоғалып кеткен ақтөбелік тәрбиеші Алматыдан табылды

Ақтөбе қаласының тұрғыны Айдана Мұхаммеджанова бір айдан соң Алматыдан табылды, деп хабарлайды Edunew.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.Егіз қызы бар балабақша тәрбиешісі Айдана Мұхаммеджанова жұмыстан сұранып кетіп, үйіне оралмады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Айша мен Бибі атты егіз қыздың анасы үйінен бірнеше рет кетіп қалып, отбасымен қайта татуласып жүрген. Соңғы рет 28 тамыз күні жұмысқа барып, кейін із-түзсіз жоғалды.
«2-3 қазан аралығында ҚР ІІМ мен ТМД елдерінің ІІМ бірлесіп, «Іздеу» мемлекетаралық жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жоғалып кеткен Айдана Мұхаммеджанова Алматы қаласынан табылды»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Айдана Мұхаммеджанованың туған-туыстарына келіндерінің табылғаны туралы хабар жетпеген.


04 қазан 2018 г. 3 885 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 821 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930