» » 9 ай ішінде 12 мыңнан астам жамбылдық жас жұмыспен қамту шарасына тартылды

9 ай ішінде 12 мыңнан астам жамбылдық жас жұмыспен қамту шарасына тартылды

Өңір жастарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша межелік көрсеткіштер белгіленді. 9 айдың қорытындысы бойынша 12 мыңнан астам жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Бұл туралы “Баласағұн” ОКЗ-да өткен жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді, – деп хабарлайды "Edunews.kz" AA “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігіне сілтеме жасап.

Биылғы Жолдау жастарға тың серпін береді. Себебі, Елбасы келесі жылды «жастар жылы» деп жариялады .Жастарға саналы тәрбие мен заман талабына сай сапалы білім беру – баршамызға ортақ міндет.

Бүгінде өңірде 240 мыңнан астам жас бар. Бұл -облыс халқының 21%. Олармен жұмыс жүйелілікті, мақсатты жоспарды талап етеді. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі есепті мерзімде 2,4% құрады.  Сол сияқты, NEET (жұмыссыз, оқымайтын) санатындағы жастардың үлесі былтырғы 15,7%-дан 9,2%-ға дейін кеміді. Бұл жұмыстарды мейлінше оңтайландыру мақсатында іс-қимыл жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес, 14 мыңға жуық жұмыссыз, өзін-өзі нәтижесіз еңбекпен қамтыған жастардың және оқу орнын аяқтаған түлектердің дерекқоры жасақталды. Аталған санаттар бойынша жоспарды ары қарай жүзеге асыратын боламыз. Жастардың кәсіпкерлігін дамытуға тиісінше мән берілуде.

Биыл тұңғыш рет облыста Zhas Project (жас прожект) жастар корпусын дамыту жобасы сәтті жүзеге асуда. Жоба – кәсіпкерлікке бейімі бар осал топтағы жастарға бағытталған. Қазіргі таңда 222 жоба қолдау тауып, 435 млн.тг. инвестиция тартылды.

12 қазан 2018 г. 55 932 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 571 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930