» » Тараз қаласында “Өңірлік жастар форумы” өтті

Тараз қаласында “Өңірлік жастар форумы” өтті

Тараз қаласындағы “Достық үйінде”  “Өңірлік жастар форумы” өтті, – деп хабарлайды "Edunews.kz" AA “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігіне сілтеме жасап.

Форум Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен жастар саясатындағы жастардың рөлі мен жастардың арасындағы шешілмей жатқан мәселелерді талқылап, шиеленіскен жағдайларды шешу мақсатында өтіп отыр.

Форумға “Өңірлік жастар Форумына” қаламыздың жалынды, елі үшін қызмет етуден тайынбайтын мәдениет, спорт, білім-ғылым, кәсіпкерлік салалары бойынша жетістіктері бар белсенді жастар, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағалары мен төрайымдары, жастар қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, “Жас Отан” жастар қанатының көшбасшылары мен мүшелері қатысады.

Жиында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің директоры Нұрлан Қанатов – “Қазақстан 2020: болашаққа жол” ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы тұжырымдамасының II кезеңінің қала көлемінде іске асыру”  барысы туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Ислам Дастан “Әлеуметтік желілердіңжастарға әсері” атты баяндамасын таныстырды.

– Қаламыздағы белсенді жастардың басын қосып, 2016-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік жастар саясаты туралы заң тұжырымдамасының екінші кезеңін жүзеге асырып жатырмыз. Сол тұжырымдаманың екінші кезеңіне сәйкес жастардың арасындағы тұрғын үй, білім, денсаулық мәселесі осы форумда көтерілетін болады және соны шешу жолдарын ұсынатын боламыз, – дейді Тараз қалалық “Жас Отан” Жастар қанатының бөлімше жетекшісі  Бақытжан Құтжан.

Айта кетейік, мұндай форум елімізде 2015 жылы 9 ақпанда “Мемлекеттік жастар саясаты туралы” заңның тармағы бойынша жыл сайын өтеді.

15 қазан 2018 г. 56 119 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 800 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930