» » Жастар өздеріне беріліп отырған мүмкіндікті пайдалануы керек - депутат

Жастар өздеріне беріліп отырған мүмкіндікті пайдалануы керек - депутат

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары еңбек ұжымдары мен өндіріс орындарында, білім ордаларында кездесулер өткізуде, - деп хабарлайды "Edunews.kz" Ақпараттық Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бүгін Мәжіліс депутаттары Ержан Құдайберген, Иван Клименко, Михаил Чирков және Геннадий Шиповских Жоғары аграрлық-техникалық колледжде болып, оның тыныс-тіршілігімен танысты.  
Соның ішінде 3D ақпараттық дизайн кабинетінде болып, оқытушылармен, жастармен пікірлесті. Мәжіліс депутаты Ержан Құдайбергеннің айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында тапсырмалар берді. Қазіргі таңда жастарға беріліп отырған мүмкіндік көп, тек соны пайдалана білу керек.
«Колледж жұмысын көріп, көңіліміз толды. Елімізде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың көпшілігі осында оқытылады екен. Маңғыстау, Атырау облыстарынан келіп, білім алып жатқан жастар бар екен. Күні бүгін әлемнің дамыған елдерінде ғылым алға озып кетті. Оларда 4 және 5D үлгілері қолданылуда. Әрине, 3D үлгісі бойынша да көп нәрсеге үйренуге болады. Ең бастысы, бұл жастардың өз мамандығын игеріп, болашақта жетілдіре түсуіне мүмкіндік береді», деді депутат.  
Ержан Құдайбергеннің сөзіне қарағанда, Мәжіліс депутаттары «Nur Otan» партиясының тапсырмасымен жылына төрт рет, жоспарлы түрде өңірлерге шығып, халықпен жүздеседі.
«Мұндағы мақсат - елдің жағдайымен танысу. Қабылданып жатқан заңдар, олардың қолданылуы қалай, кем тұстары бар ма, міне, осыларға көз жеткіземіз. Әр депутат - түрлі мамандық иесі. Соған байланысты өз түйген-білгендерін айтады. Батыс Қазақстан облысында халықпен жүздесіп жатқанымызға бүгін үшінші күн. Тұрғындармен кездесіп, олардың да ұсыныс-пікірлерін білудеміз. Маңыздылары алдағы уақытта Парламент қабырғасында талқыға салынып, ескерілетін болады», деді Ержан Құдайберген. 
Мәжіліс депутаттарының өңірдегі сапары 3-4 мамыр күндері де жалғасады.  


02 мамыр 2019 г. 67 226 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 926 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031