» » Ақтаудағы 12-мектептің 1-сыныбына сегіз егіз барды

Ақтаудағы 12-мектептің 1-сыныбына сегіз егіз барды

 Ақтау қаласындағы №12 жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына сегіз егіз барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Егіздердің көптігі Білім күніне арналған салтанатты жиында көпшіліктің таңданысын тудырған.

«Біздің мектепте мұндай жағдай болған жоқ. Егіздердің көптігі мұғалімдерімізге оларды ажыратуға, бастапқыда тануға қиындық тудыруы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бір-бірімізге үйренісіп кетеміз. Оқушылардың қадамына сәттілік тілеймін», - деді мектеп басшысы Жанат Анисова.

Ал мектепке алғаш қадам басқан егіздердің бірі – Мирас пен Диас Мурадовтар сол білім ордасының алғашқы қоңырауын соғып, достарын мерекемен құттықтады.

02 қыркүйек 2022 г. 37 556 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 42 192 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 28 874 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031