» » Ақтөбеде Жалаңтөс Бахадүрге арналған халықаралық конференция өтеді

Ақтөбеде Жалаңтөс Бахадүрге арналған халықаралық конференция өтеді

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ:ЖАЛАҢТӨС БАһАДҮР ЖӘНЕ ТҮРКІ ДҮНИЕСІ»  атты халықаралық конференция өткізетіндігін хабарлайды.

Шараның өтуі 2019 жылдың 25-26  қазан аралығында  жоспарлануда.

Ұйымдастырушы мекемелер  –   С. Бәйішев университеті, Жалантос бahадүр коры

Конференция бағыттары:

Түркі руханияты мен тарихыннан Жалаңтөс баһадүрдің алар орны. 

Қазақ  жырындағы батырлар  бейнесі және көркемдік нақыштар.

Ұлттық код және ашық саналы ұрпақ қалыптастырудағы асқақ рухты тарихи тұлғалардың рөлі.

Жаңа заман талабына сай білім берудің өзекті мәселелері.

Конференция аясында жоспарланатын шаралар:

Пленарлық және панельдік сессиялар;

«Ер есімі - Ел есінде» тақырыбындағы фольклорлық мүшайра

«Ұлы дала тұлғалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Мәдени-сауықтыру шаралары.

Конференцияға ТМД аймағындағы түркі тектес мемлекеттердің делегациялары, Ресей, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан,Қарақалпақстан т.б. елдердің зерттеушілері, ізденуші жас ғалымдар,  тарих,әдебиет және өнер қайраткерлері қатысады деп күтілуде.

Конференция қазақ, орыс, ағылшын және түркі тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 15 қазанына   дейін mirov-agu@bk.ru адресіне үлгіге сәйкес өтінішті, баяндаманың электрондық нұсқасын  жіберуіңіз қажет.

Конференция материалдарын рәсімдеуге қойылатын техникалық талаптар: Беттердің форматы А4; шрифт Times New Roman, 14 пт, жоғарғы және төменгі жиектер – 2,0 см, сол жағы – 3,0 см, оң жағы – 1,0 см; жоларалық арақашықтықтығы – 1; оң жақтағы жоғарғы бұрышында ӘОЖ, 2 интервалдан кейін баяндама атауы бас әріптермен, қою шрифтпен жазылады, 2 интервалдан кейін  автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, мекеме атауы, 1 интервалдан кейін, баяндама мәтіні азат жолдан; сілтемелер мәтіннің ішінде тік жақшамен беріледі (деректердің толық тізімі «Әдебиет» деген белгімен жұмыстың соңында беріледі); баяндама көлемі 5 бетке дейін.

 

Өтініштің үлгісі

Баяндамашының аты-жөні (толық)


Жұмыс орны, толық


Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы


Баяндама атауы


Секция атауы


Байланыс телефоны, е-mail   


Қатысу түрі (келіп қатысу / сырттай)


Қонақ үйінде орын брондау қажеттілігі (иә/жоқ)


 

Мекенжай, байланыс телефондары:  Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, 030000, Ақтөбе қаласы, ағ. Жұбановтар көшесі, 302 а, (С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті): жұмыс телефоны: 8 (7132) 97-40-84 (ішкі нөмір 804).

Конференцияға қатысу шығындары (жол ақысы, тұру ақысы, тамақтану) жөнелтуші тарапынан немесе қатысушының өз есебінен өтеледі.

Барлық сұрақтар бойынша Рухани жаңғыру орталығының директоры Миров Мұхтар Орынбасарұлына хабарласуға болады, тел. 8-776-792-30-01.
30 қыркүйек 2019 г. 2 492 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 951 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031