» » ТарМУ-дың 60 жылдық мерейтойы тойлануда

ТарМУ-дың 60 жылдық мерейтойы тойлануда

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шаралар легі басталды, деп хабарлайды Edunews.kz Arainews Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін жетекші тарихшы ғалымдар «Дулати мұралары және әлем руханияты» тақырыбындағы «Х Дулати оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда бас қосты. Конференция жұмысына Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәлі, ҚР Ғалымдар одағының Президенті Оразалы Сәбден, әл-Фараби атыңдағы ҚазҰУ профессоры Талас Омарбековпен бірге Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінің тарихшы ғалымдары да қатысуда.

Университеттің мерейтойлық шаралар екі күнге созылып, оның аясында «Университет шежіресі» монументі мен жаңа спорттық кешеннің ашылуы, жаңа студенттік жатақхананың алғашқы тасын қалау рәсімі жоспарлануда.

08 қазан 2018 г. 16 217 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 33 688 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 26 095 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031