» » Тараз қаласындағы физика-математика зияткерлік мектеп педагогы «жыл мұғалімі» деп танылды

Тараз қаласындағы физика-математика зияткерлік мектеп педагогы «жыл мұғалімі» деп танылды

Тараз қаласындағы физика-математика бағыттағы Зияткерлік мектеп мұғалімі Инна Аксенова «Жыл мұғалімі 2019» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

Инна Валериевна Аксенова 2013 жылдан бастап Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология мұғалім-сарапшысы. Педагогтың кәсіби шеберлігі соңғы жылдардағы республикалық және халықаралық байқауларда расталған. Ол «Жаңа идеялар» халықаралық байқауы (2016ж.), «Идеялар фестивалі» республикалық байқауы (2016ж.), «Дарын» РҒП биология пәнінен республикалық олимпиадасы (2016ж.), «Жаңашыл мұғалім» республикалық байқауының жеңімпазы (2016ж.), сондай-ақ «Жыл мұғалімі-2015» республикалық байқауы, «Үздік конструктивистік сабақ» облыстық байқауы (2016ж.), Тараз қ. «Жыл мұғалімі-2015» мектепшілік сайыстарының лауреаты.

Инна Валериевна өз зерттеушілік қызметі нәтижесінде KERA – Білім беру саласындағы қазақстандық зерттеушілер қауымдастығының мүшесі атанды. Педагог зерттеу нәтижелерін Дублин (Ирландия, 2016 ж.),) және Гамбург (Германия, 2019 ж.) қалаларында өткен ESER Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларында және «НЗМ» ДББҰ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (2013, 2016, 2017, 2018 ж.) таныстырған.

Инновациялық педагогикалық технологияларды насихаттай отыра, 10 мақала жариялап, 9 әдістемелік құрал шығарған. Жалпы білім беретін мектептерге арналған жаратылыстану пәндері бойынша 5-сыныпқа және биология пәні бойынша 7-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешендердің бірлескен авторы.  

Еліміздің жалпы білім беретін мектептері үшін «Биология» пәні бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу және қайта қарау бойынша «НЗМ» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы жобалық тобының мүшесі.

Зияткерлік мектептегі қызметі барысында пилоттық мектеп мұғалімдері, Жамбыл облысы мен республика мұғалімдері үшін 25 семинар және шеберлік сыныптарын өткізген. Сабақта проблемаға бағытталған оқытуды енгізу бойынша мектепішілік кәсіптік даму курсының тренері. 

Инна Аксенова республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалар байқаулары мен олимпиадалардың бірнеше жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған.



 Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі


 

16 қазан 2019 г. 3 688 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 941 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930