» » Жас ғалымдар республикалық байқауда топ жарды

Жас ғалымдар республикалық байқауда топ жарды

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізеді. Биылғы жылы Конкурс Алматы қаласы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 11 - 14 ақпан аралығында өтті.

Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан байқаудың республикалық кезеңіне облыстан 40 жоба ұсынған 51 оқушы қатысып, ғылымға құштар екендіктерін дәлелдеді. Конкурстың қазылар алқасының шешімімен жамбылдық 1 оқушы алтын, 2 оқушы күміс және 18 оқушы қола медальмен марапатталып, топ жарды.Оқушылардың шығармашылық жобалары 4 бағыт бойынша қабылданды. Ұсынылған жобалар сан алуан әрі қызықты. Жұмыстардың көпшілігі тарихи ескерткіштер, өлкетану, этномәдениет, математика, табиғат тақырыбын қамтиды.Аталған зияткерлік сайыс оқушылардың ғылым негіздеріне қызығушылығын дамыту, жоғары сынып оқушыларын ғылым мен техниканың әр түрлі салаларындағы шығармашылық қызметке тарту мақсатында ұйымдастырылды.Айта кету керек, оқушылардың ғылыми жобаларын қорғаудың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық секциялар онлайн  өтті. 

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздардан тұратын еліміздің құрама командасы 10-15 мамыр аралығында Анахайм қаласында (Калифорния штаты) өткізілетін жыл сайынғы ISEF-2020 оқушылардың халықаралық ғылыми жобалар конкурсына өз жұмыстарын ұсынады.


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
05 наурыз 2020 г. 1 455 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 796 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930