Аймағамбетов: Директорда үш орынбасар, екі есепші бола ма бәрібір – бізге керегі білім сапасы

Өйткені мектеп басшысы екі немесе үш орынбасары, екі есепшісі бола ма – өзі шешуі керек. Біз оны қалай болса да үш орынбасар болуы керек деп міндеттемеуге тиіспіз. Егер үнемдегісі келсе – өз еркі. Бір орынбасары болса да бәрібір. Бізге керегі – білім сапасы», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында. Министр жауапты қызметкерлерге осы мәселені қысқа мерзімнің ішінде шешуді тапсырды. Еске сала кетсек, бұған дейін Асхат Аймағамбетов жан басына қаржыландыру жүйесімен жұмыс жүргізбеген білім басқармаларының басшыларын сынға алған еді.
Дереккөз: inform.kz Халықаралық Ақпараттық Агенттігі