» » ОНЛАЙН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕБИНАР

ОНЛАЙН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕБИНАР

Дулати Университетінің  «Тәлім-1: педагогикалық  тренд. ЖОО-да қашықтан оқыту жағдайында  куратордың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері»   тақырыбында республикалық вебинар  өткізілді, деп хабарлайды edunews.kz Ақпарат Агенттігі.

     Жиынға республикамыздың түкпір-түкпірінен  ЖОО-ның танымал ғалымдары, болашақ педагогтері  мен тәлімгерлері,  магистрантар мен PhD докторанттары;  арнаулы орта  және жалпы орта білім беретін мекемелердің басшылары мен жаңашыл ұстаздары қатысты.

           Іс шараның мақсаты қашықтан оқыту жағдайында ЖОО тәрбие жұмысының жаңаша мазмұнын айқындап ашып  көрсету.

           Жиында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Рахымжан Тұрысбек   «Әл-Фараби және ұлттық тәрбие құндылықтары» тақырыбына  баяндама жасап, Ұлы Дала кемеңгері әл-Фараби тағылымдарын қашықтан оқыту жағдайында  да  дәріптеу қажеттілігіне баса назар аудартып, өзінің нақты ұсыныстары мен ой-тұжырымдарымен бөлісе, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының меңгерушісі Гульшат Бахтиярованың «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы  ЖОО-да  тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары: инновациялық іс-тәжірибе» баяндамасы көпшілік көңілінен шықты.  «Универ» бағдарламасындағы  куратордың  электронды  журналының   ЖОО-ғы тәрбие үдерісін  ұйымдастырудағы мүмкіндіктерін  ашты. Әсіресе жас куратор  педагогика магистрі  Райбек   Сағадатов   «Welkome to Znubanov: # Podcast»  оқушыдан-студентке  қанатқақты  жобасының онлайн таныстырылымы ерекше әсерлі шықты.Республикалық вебинардың «Болашаққа бағдар» айдарында  М.Х.Дулати университетінің  студенті Ернұр Хаирбековтің                                 интеллектуалды ұлт тәрбиелеу үшін мектептің материалдық-техникалық базасын да әлемдік көрсеткіштер деңгейінде жаңарту қажеттілігін баса назарға ұстанған    «Инновациялық мектеп-2030» ғылыми Жобасы көпшілікті елең еткізді және педагогикалық қауымдастықтың тарапынан үлкен бағаға ие болды.

 Жиын  соңында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бастамасы- «Тәлім-3: Абай тағылымы» педагогикалық челенджі  қара шаңырақ  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне жолданды.

 

 

Клара БУЗАУБАКОВА

Дулати Университеті

 «Білім берудегі менеджмент»   кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор

 
01 желтоксан 2020 г. 2 934 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 228 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031