» » Ш.Бейсенованың шығармашылығына арналған «Айымдар жоқшысы» кітабын жарыққа шықты

Ш.Бейсенованың шығармашылығына арналған «Айымдар жоқшысы» кітабын жарыққа шықты

  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті қаламгер, белгілі журналист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсенованың шығармашылығына арналған «Айымдар жоқшысы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, көрнекті ақын-жазушылар, ғалымдар, академиктер, тарихшылар қатысты,деп хабарлайды edunews.kz ақпарат агенттігі Д.Н.ГУМИЛЕВ атындағы ЕҰУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еуразия ұлттық университетінің баспасынан жарық көрген «Айымдар жоқшысы» жинағына Шәрбану Бейсенованың шығармашылығы туралы әр жылдары жазылған зерттеу материалдары, қаламгердің сұхбаттары, мерзімді басылымдарда, электронды ақпарат құралдарында жарияланған танымдық мақалалар мен тарихи суреттер топтастырылған.«Бүгінде қазақ әдебиетінің көкжиегі кеңейігені көңілге қуаныш ұялатады. Қазақ қаламгерлерінің туындылары арқылы әлем жұртшылығы ұлттық руханиятымызбен танысуда. Еуразия ұлттық университетінде де рухани мұраны сақтауға және ұлттық тарихты зерттеуге баса мән беріледі.  Алдағы уақытта да ақын-жазушылармен кездесуді университетіміздің «Отырар» кітапханасы төрінде тұрақты өткіземіз», - деп атап өтті Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов.Қаламгердің  шығармашылығын баяндайтын  «Айымдар жоқшысы» жазушы Шәрбану Бейсенованың әдебиет әлеміндегі жолын танытады.«Әу бастан шығармашылығының алтын өзегіне әйел тағдырын арқау еткен жазушы сол қаһарман  арулардың көркем деректі бейнесін ұрпақпен қауыштыруды өзінің міндеті деп түсінді.Өнердегі арулар, аңызға айналған, ел бірлігі жолында парасаты мен мейірімін аямай, азаматына сенімді серік, елге тұтқа болған аналар туралы талмай ізденіп, олар туралы әрбір деректі мұқият зерделеп, бүгінгі ұрпаққа жеткізуде ыждағаттылықпен еңбектенген қаламгердің өзін де қазақтың ақ маңдайлы айымы десе болады», - деді ЕҰУ профессоры Жанат Әскербекқызы.Шәрбану Бейсенованың шығармалары әртүрлі тілдерге аударылған. Оның идеясымен және авторлығымен «Ұлы дала арулары» жобасы қолға алынып, «Сүйінбике», «Бозоқ аруы», «Ұрпағына ұран болған аналар» кітаптары жарық көрді.
21 желтоксан 2022 г. 5 993 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 766 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031