» » Білім министрлігі “лайкать”, “пиарить” сөздері жазылған мектеп оқулығының сапалы екенін айтты

Білім министрлігі “лайкать”, “пиарить” сөздері жазылған мектеп оқулығының сапалы екенін айтты

 Орал қаласында ата-аналар бесінші сынып оқулығындағы кейбір сөздерге байланысты наразылық танытып, дау көтерген еді. Олардың айтуынша, орыс тіліне қатысы жоқ сөздер оқулықтың ішінде өріп жүр.

Кітап құрастырушырлардың айтуынша, бұл негізгі емес, кітаптың тек баламасы. Оларды әлі мектептерге таратпаған. Бірақ бұл оқулық оқу құралы ретінде толыққанды сауатты жазылған.

Оқулықтың құрастырушыларының бірі Гүлмира Қожамқұлованың айтуынша, қазіргі заманда әр адам ауызекі лексика мен ресми стильді ажырата білу керек. Автордың айтуынша, бұл оқулық оқушылардың ой өрісін дамытып, сыни көзқарасын қалыптастырады.

«Эмотикон», «подкаст» және «пиарить» сөздері ауызекі тілде ғана емес, БАҚ-та да қолданылып жүр. Оқулықтағы бұл сөздерді жазудағы мақсат – оқушыны ауызекі тілмен жалпы қолданыстағы лексиканы түсіндіру. Қандай сөздерді ресми стильде қолданбау керектігін ұқтыру. Осылайша оқушы жазбаша және ауызша тілде әр түрлі стильді таңдайтын болады», – деп жазылған хабарламада.

Дереккөз:stan.kz.
21 тамыз 2017 г. 2 473 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 235 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 615 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031