Келесі аптада Жамбыл облысында 4 мектеп ашылады
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Тамыз кеңесінде білгілі болды, деп хабарлайды «EDUNEWS.KZ» ақпарат агенттігі.
- Біз бірінші қыркүйекте 1700 оқушыға арналған 4 мектепті пайдалануға береміз. Жыл соңына дейін тағы бір мектеп ашылады, биыл 9 мектептің құрылысын бастадық, - деді К.Көкірекбаев.
Жалпы, облыста «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында, Ұлттық қор қаражаты есебінен 2 мектеп салынуда, 1 мектепке қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде.
Осылайша облыстағы 7 апатты, 4 үш аусымды мектептің мәселесі толығымен шешіледі. Қалған 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі 2018 жылы шешілмек.
Дереккөз: «EDUNEWS.KZ» ақпарат агенттігі.