» » Ақтауда 11 жасар оқушы қыз баланы педофилден құтқарып қалды

Ақтауда 11 жасар оқушы қыз баланы педофилден құтқарып қалды

 Ақтауда кішкентай батыр бала тұрады. 11 жастағы Ақжол Сансызбай қыз баланы зорламақ болған ер кісіден құтқарып қалды.Оқиға жексенбі күні, 27 тамызда орын алған.Бұл туралы «Тумба» сайтына сілтеме жасап,stan.kz хабарлады.

 Ақжол құрылыс маңынан өтіп бара жатып ер адамның қызды сүйреп бара жатқанын көреді.

«Мен олардың соңынан аңди бастадым. Маған да қорқынышты болды. Бірақ ол қызды қалдырып кете алмадым. Олармен бірге үшінші қабатқа көтерілдім. Қыз бала қатты айқайлап, жылап жатты. Ер адам оның тыныштануын талап етті», – дейді Ақжол.

«Ер адам қыздың тамағынан қысып, қылқындырмақ болғанда мен оған тап бердім», – дейді оқушы бала.

Ер адам баладан мұндай әрекетті күтпеген болса керек. Ол қызды тастай салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ақжол қызды үйіне алып келеді. Кейіннен полиция шақыртады. Оқушының батылдығы мен дұрыс әрекет етуінің арқасында күдікті тез қолға түсті. Полицейлер оны 15 минут ішінде ұстады.

29 тамыз 2017 г. 4 208 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 733 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 344 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930