» » БҒМ оқушылардың латын әліпбиіне қашан көшетінін айтты

БҒМ оқушылардың латын әліпбиіне қашан көшетінін айтты

 Бүгін Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» тақырыбында өткен парламенттік тыңдауда ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың қашан латын әліпбиіне көшетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

 «Алфавит қабылданатын болса, біз жаңа жазу үлгісін еліміздегі барлық білім беру ұйымдарын енгізу графигін жоспарлап отырмыз. Мұның барлығын біз педагогтар және ата-аналармен әрі Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникация министрлігімен алдын-ала ақылдасамыз. Аталған сұрақ бойынша ҚР Президент әкімшілігі және Үкіметпен ақылдамасыз. Нақты шешім шығару үшін графикті Үкімет отырысында талқылауға шығарамыз», - деді вице-министр.

Осы орайда Айтмағанбетов қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру асықпай жүргізілетінін жеткізді.

«Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі, жоспарлы түрде жүргізіледі. Графикте біз кадрларды даярлау, оқулықтарды жасау, сөздіктер, грамматика мәселелерін міндетті түрде қарастырамыз. Кейін нормативті сөздіктер, оқулықтар әрі оқу-әдістемелік оқулықтарды көп тиражбен шығару жоспарлануда. Тек дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін ғана біз аталған процесті, яғни жаңа жазу үлгісін жаппай барлық білім беру ұйымдарына енгізе бастаймыз», - деді ол.

Сөз соңында Білім және ғылым вице-министрі орыс тіліндегі пәндер кириллица әліпбиінде қалатынын алға тартты.

«Орыс тілінде білім беретін мектептерде, қазақ және ағылшын тіліндегі пәндерден басқа барлық пәндер кириллица әліпбиінде өтеді. Демек латын әліпбиіне көшу қазақ тіліне ғана қатысты. Сонымен қатар, балаларды оқыту балабақшадан әрі 0-1 сыныптардан басталуы қажеттігін айта кету керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

11 қыркүйек 2017 г. 2 680 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 610 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930