» » Тоғжанов: Жаңаөзендегі хиджаб мәселесі бір аптаның ішінде шешіледі

Тоғжанов: Жаңаөзендегі хиджаб мәселесі бір аптаның ішінде шешіледі

 Астанада өткен баспасөз конференциясы кезінде Жаңаөзендегі оқушы қыздардың хиджаб киіп, орамал тағу жағдайына қатысты Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеме жасады.Бұл туралы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасай отырып,Алаш айнасы хабарлайды.

 "Біріншіден, адамдармен кездесіп, оларға түсіндіру керек. Барлығымыз Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрекет етуіміз қажет. Екіншіден, баланың құқығын да қорғау керек. Біздің заңнамада баланың әрекетке қабілеттілігі 14 жастан басталады. Оған дейін ешкім баланы қандай да бір бағытқа (діни – авт.) бұруға құқығы жоқ. Ол (қыз бала – авт.) 14 жасқа толғанда өзі таңдап алады. Біз балаларға мәселенің мәнісін нақтылап бердік, проблемалар бар, бірақ олар өз шешімін тауып жатыр. Тиісті заңнамада көрсетілгендей, оқушылардың киетін мектеп формасы анық көрсетілген. Жаңаөзенде 40 бала (мектепке бармаған – авт.) болды, қазір 17 бала қалды. Біздің ойымызша, мәселе бір аптаның ішінде өз шешімін табады. Бұндай ұстаным күллі Қазақстанға бірдей", — деді облыс әкімі.

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап, мектептерде орамал тағып, хиджаб киюге қатысты тыйым салынған соң, Жаңаөзенде 60 оқушы қыздар мектепке бармаған. Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық білім басқармасы нақтылаған еді.

21 қыркүйек 2017 г. 2 667 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 018 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 805 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930