Бірінші сынып оқушысына мектепті қалай таңдау керек? Ата-аналарға арналған нұсқаулық
Бірінші сынып оқушысына мектепті қалай таңдау керек? Ата-аналарға арналған нұсқаулық, деп хабарлайды informburo.kz.
Балаңызға мектепті қалай дұрыс таңдау керек және Алматыдағы мектептерде бір сыныпта неге 40 оқушыдан оқып жүр?Балаға мектепті таңдағанда неге сүйену қажет және қандай қағидалары бар? Informburo.kz 2019 жылы 30 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы мектепке қабылданатын Алматының мысалында осы мәселені зерттеп көрді. Тақырыпқа қатысты барлық ақпаратты жан-жақты төменде талқылаймыз.
№1. Баланы қандай мектепке бере аласыз?
Балаларды мектепке қабылдаудың бірыңғай қағидасына сәйкес, ата-аналар өзіне ұнайтын мектепті, сонымен қатар тіркелген мекен-жайындағы мектепті таңдауға құқылы. Ол үшін:
№2. Баланы бірінші сыныпқа қанша жастан берген дұрыс?
2019 жылдан бастап Қазақстанда "ҚР Білім беру туралы" заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Оған сәйкес, ағымдағы жылы 6 жасқа толған балалар мектепке бару тиіс. Мұндай өзгеріс 12 жылдық оқу жүйесіне өтумен байланысты. Қазақстанның психологтар қауымдастығы Президенті Владимир Стеблянко баланы мектепке 7 жастан беру керек деп есептейді. Оның пікірінше, дәл осы кезде баланың оқуға дайындығының биологиялық деңгейі толықтай жасақталады. "Алты жаста бала жазып, оқып, есептей білгеніне қарамастан ол оқуға дайын болмайды. Оның енжарлығы, шамадан тыс белсенділігі, жинақылық қабілетінің төмендігі, ақпаратты қабылдау ерекшеліктері, физикалық даму көрсеткіштері оқуға кедергі болуы мүмкін. Егер баланы мектепке өте ерте берсе ол баланың психологиялық дамуына әсер етуі мүмкін" деп есептейді Владимир Стеблянко.
Жоғарыда аталған өзгерістерге сәйкес бала-бақшалар баланы 6 жастан кейін қабылдамайтынын да ескеру керек.
№3. Оқу орнын қандай көрсеткіштері бойынша таңдай аласыз?
Көптеген ата-аналар төмендегі әмбебап талаптарды басшылыққа алады:
- Мектептің жабдықталуы (сыныптар, компьютерлік сынып, спорт залы, мектептің аумағының жайластырылуы);
- Қосымшалардың болуы;
- Кейбір пәндерді тереңдетіп оқыту немесе бірінші сыныптан бастап оқушыларды гуманитарлық, математикалық немесе жаратылыстану бағыттарына бөлу;
- Факультативтер (спорттық секциялар, шығармашылық үйірмелері);
- Оқу уақыты (бастауыш сыныптарға бірінші не екінші ауысым);
- Мектептің ҰБТ бойынша көрсеткіштері және т.б.
Мектепті таңдау үшін сізге бәрінен бұрын не керек екенін шешіп алған жөн. Бұл ретте өзіңізге қандай факторлар маңызды екенін анықтап алу керек.
№4. Мектеп сізден қандай құжаттар талап етеді?
Бала-бақшалардан балалар бірінші тамызға дейін шығарылады. Бұған дейін қандай мектепке құжат тапсыратыныңызды анықтап алған дұрыс. Тоқталған оқу орнына 1 маусым – 30 тамыз аралығындағы кез келген жұмыс күнінде өтініш жаза аласыз. Оны bilimalmaty.kz. порталы арқылы электронды нұсқада жолдауға болады. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін төмендегі құжаттар қажет:
- 026/у-3 үлгісіндегі денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- 063/у үлгісіндегі денсаулық жағдайы туралы анықтама (екпелері);
- 3х4 сурет (2 дана).
№5. Бірінші сыныпқа баратын бала не істеп білуі керек?
Алматы қаласының білім беру басқармасы бірінші сыныпқа баратындар оқып, жазып, есептеп білуге міндетті емес деп мәлімдеді. Мектеп бағдарламасы бірінші сыныпта әліппе мен есептеуді үйретеді. "Білім туралы" заңға сәйкес:
Басқаша айтқанда, бірінші сыныпта балаларды оқудың қыр-сырына үйретеді, алайда тәжірибеде олар мектепке оқу, жазуды және қарапайым математикалық есептеулерді біліп барады.
№6. Бірінші сыныпқа баратындарды тестілеуден өткізіп қабылдау заңды ма?
Мемлекеттік мектептерге балалар дайындық деңгейіне қарамастан қабылдануы тиіс.
Емтихандар, тестілеулер мен байқаулар мамандандырылған оқыту орындарында жүргізіледі. Олардың қатарына гимназиялар мен лицейлер жатады. Алматыда осындай 9 білім беру ұйымы бар: №12, №199, №54, №90 гимназиялар, №126, №92, №39, №165 лицейлер, қазақ-түрік лицейі. Олар жалпы талаптармен бірге, гимназия/лицей басшылығымен бекітілген талаптарды қояды.
№7. Лицей/гимназияға түсу үшін қандай құжаттар керек?
Бұларға құжаттар 10 мамырға дейін қабылданады. Келесі құжаттарды тапсыру керек:
- Мөрмен куәландырылған оқудағы жетістіктерін растайтын құжаттар көшірмесі (бар болса). Мәселен, баланың мектепке дейінгі ұйымдарда қатысқан байқаулардың дипломдары мен мақтау қағаздары (спорттық сайыстар, олимпиадалар, жарыстар).
- 3х4 сурет (2 дана).
Мақаланың орысша нұсқасын оқы отырыңыз: Как выбрать школу для первоклассника? Инструкция для родителей
№8. Жекеменшік мектептер не ұсынады?
Алматыда 10 мың оқушыны оқытатын 55 жекеменшік мектеп бар. Оларға түсудің талаптары мемлекеттік гимназиялар мен лицейлерге түскенмен бірдей. Айырмашылығы оқу ақысы мен ұсынылған білім беру пакетінде. Мұндай оқу орындарында ата-аналар баласын оқыту үшін бір жылда бірнеше жүз мыңнан бастап 8 миллионға дейін қаражат төлейді. Білім беру бағдарламалары әрқайсысында әр бөлек. Мысалы, Haileybury Almaty британдық бес деңгейлі білім беру жүйесін ұсынады. Ол 4 жастан 18 жасқа дейінгі балаға есептелген. Сабақ кестесі баланың жеке қабілетіне қарай икемделеді. Барлық жекеменшік мектептер төмендегілерді ұсынады:
- Баланы үйден мектепке, мектептен үйге дейін тасымалдау;
- Ағылшын тілінде оқыту;
- Спорттық және шығармашылық үйірмелер.
Мұндай мектептерді бітіргендер көп жағдайда шетелдік жоғары оқу орындарына түсіп кетеді. Осыған байланысты олар өз абыройын асқақтатуға тырысады.
№9. Баланың екпелері болмаса оны мектепке қабылдамауы мүмкін бе?
№10. Діни сенімге сай киінген балаларды мектепке қабылдай ма?
ҚР Білім және ғылым министрі бекіткен "Міндетті мектеп формасы талаптарына" сәйкес мектеп формасына діни элементтері бар киімдерді енгізуге жол берілмейді. Бұдан бөлек, "Білім беру туралы" ҚР Заңының 74 бабына сәйкес, оқушылар білім беру саласының өкілетті органы белгілеген міндетті оқу формасының талаптарын сақтауы керек. Кейбір ата-аналар мәселені қашықтан оқытумен шешеді.
№11. Бір сыныпта қанша оқушы болуы керек?
Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, бір сыныпта 25 бала оқуы тиіс.
№12. Алматының қай аудан мектептерінде бала көп?
Алматы халық көп шоғырланған қалаға жатады. Осыған орай қала мектептеріндегі сыныптардың балаға лық толатыны қалыпты жағдай.
Қалалық білім беру басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, оқу орындарының тапшылығы Алатау, Әуезов және Медеу аудандарында байқалады. Осы аудандарда орналасқан мектептерде бір сыныпта 38-40 баладан оқиды.
№13. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқтар еліміздегі мектептерде оқи ала ма?
Мұндай шарттардың ҚР азаматтарына қатысы бар. Баланың ата-анасы немесе басқа заңды өкілі елімізде тұрақты не уақытша тұрулары керек. Шетелдіктер мектепке ҚР тұрақты тұру құқығы бар екенін растайтын құжатын (тұрғылықты мекен-жайында тіркелгені туралы білгісі бар) тапсыруы тиіс:
- Босқын куәлігі;
- Пана істеп жүрген тұлғаның куәлігі;
- Оралман куәлігі немесе көші-қон органдарының анықтамасы.
Бұл талаптар елшіліктер мен консулдықтар қызметкерлеріне де қойылады. (Консулдық қатынас туралы вена конвенциясы және дипломатиялық қатынастар туралы вена конвенциясына сәйкес).
ҚР уақытша тұратын тұлғалар төлқұжатының көшірмесі мен көші-қон кәртішкесінің көшірмесін ұсынады. Мектеп директоры оларды білім беру құжаттарындағы талаптарға сәйкес шетелде алған білім деңгейіне сәйкес тиісті сыныптарда оқитындардың қатарына қосады. Мұндай құжаты болмаса үміткердің білім деңгейін анықтайтын комиссия құрылады.
Қазір Алматыда 204 мемлекеттік мектеп бар:
Қазақ тілінде оқытатын – 67;
Орын тілінде оқытатын – 65;
Ұйғыр тілінде оқытатын – 3;
Аралас тілде оқытатын (қазақ және орыс тілдерінде) – 69.
Алматы қалалық білім беру басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, қалада оқушыға лық толған мектептердің мәселесі жаңа мектептер салыну есебінен 5 жылда шешіледі. Жаңа ықшам аудандарда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алатау ауданында салынатын 6 мектептің орындары белгілі болды:
Дархан ықшам ауданында – 1000 орындық;
Рахат ықшам ауданында – 1200 орындық;
Томирис ықшам ауданында – 900 орындық;
Шапағат ықшам ауданында – 600 орындық;
Саялы ықшам ауданында – 1200 орындық;
Зерделі ықшам ауданында – 600 орындық.
Наурызбай (Қалқаман ықшам ауданы) және Әуезов аудандарында (Мамыр-5 ықшам ауданы) әрқайсысында 1200 орындық бір-бір мектеп бой көтереді.
Авторы: Жанна Хабдулхабар.
Аударған: Мәншүк Шапхатқызы.