Ғалымдар ой сигналдарын жолдайтын желіні ойлап тапты
Сынақты Сиэтлдағы Вашингт он университетінің зерттеушілері жүргізді. Андреа Стокко әріптестерімен бірге «ми желісін» құру үшін ми белсенділігін тіркеуге мүмкіндік беретін электр-энцефалографиялық датчиктерді, сондай-ақ, транскраниялық магниттік ынталандыру аппараттарын қолданған.
2015 жылы ғалымдар бұл механимді ми арқылы тікелей байланысатын екі адамнан құралған топқа пайдаланған. Бұл кезде сынаққа қатысушылар 20 сұраққа жауап беретін ойын ойнаған.
Келесі кезеңде ғалымдар мұндай байланыста тағы бір адамды қоспақшы болады. Олар BrainNet деп атаған желі әрқайсысы зертхананың бөлек бөлмесінде отырған топ қатысушыларына бірлесіп «тетрис» ойынын ойнауға мүмкіндік береді.
Рөлдер былайша бөлінді. Үш адамның екеуі бүкіл ойын алаңын көріп отырады да, оның жоғары жағында белгілі бір пішін пайда болып, оны төменгі жаққа орналастыру үшін аудару не сол қалпында қалдыру қажет болады. Ал үшінші адам жоғарыдан келе жатқан пішінді көргенімен, төменгі жақты көрмейді және пішінді қалай және қайда орналастыру керектігінен хабарсыз болады. Сәйкесінше, ол пішінді бұру немесе сол күйінде қалдыру қажеттілігін ол «ми-ми» интерфейсі арқылы әріптестерінен келетін сигналдардың арқасында шешіп отырған.
Екі жөнелтуші жолдауы мүмкін сигандар «аудару» немесе «аудармау» түрінде болған. Бірінші тұрідегі сигнал жолдау үшін 15 герц жылдамдықпен жанып-өшетін жарық диодқа қараса, екінші сигналды жолдау үшін 17 герц жылдамдықтағы жарықдиодқа қарауы тиіс болған.
Бұйрықты орындау комананы қабылдауы үшін транскраниялық магниттік ынталандыру аппараты оның миына имупльс жолдап, ол жарық сигналы пайда болуы үшін субъективті түпрде сезілетін болған. Сәйкесінше, пішінді аудару қажет болса, импульс жолданады, қажет болмаса, жолданбайды.
Сигнал жолдаушылар оны орындаушы команданы қабылдағанын, яғни, дұрыс орындалғанын нақты уақыт ішінде тексеріп, олай болмаса, команданы қайта жолдап отырған.
Зерттеушілердің айтуынша, мұндай әрекетті тек зертхана жағдайында ғана емес, интернет арқылы да ұйымдастыруға болатын көрінеді. Бұл милардың жаһандық ауқымда қарым-қатынаста болуына мүмкіндік береді.