» » ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова студенттердің шәкіртақысын көтеру жоспарын айтты

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова студенттердің шәкіртақысын көтеру жоспарын айтты

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова студенттердің шәкіртақысын көтеру жоспары туралы айтты. Бұл туралы «Edunews.kz» Ақпараттық Агенттігі "bilimland.kz" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«Шәкіртақыны 30 пайызға дейін көтеру әлеуметтік тапсырысты орындау арқылы жүргізілуде. Бұл тұрғыда волонтерлік қозғалысқа қатысты болып тұр, яғни репетиторлықта көмек көрсететін, қарттар үйлерінде, балалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ басқа да салаларда әрекет ететін студенттер қамтылмақ», - деді министр елордадағы көпбалалы аналармен кездесу барысында. Сонымен қатар, ведомство басшысы оқу бағдарламаларын өзектілендіру тақырыбына тоқталды.

«Қазіргі кезде бірінші кезекте ІТ-саласына, робототехника, балалардың фунционалдық сауаттылығына екпін қойылып отыр. Атап айтқанда, баланың өз білімін жұмысында пайдалана білуі маңызды. Ал кәсіби-техникалық оқу орындары мен ЖОО-ларда оқу бағдарламаларын өзектілендіру - ол еңбек нарығының талабы», - деді К. Шәмшидинова. Бұл тұрғыда биылдан бастап заңнама бойынша ЖОО-ларда бакалавриаттың 80 пайызына дейін, магистратураның 90 пайызға дейін және докторантураның 95 пайызына дейін дербес өздерінің оқу бағдарламаларын қайта қарай алады. «Ал колледждерге қатысты біз осы жұмыстарды қазіргі кезде атқардық. Осы орайда басты мақсат - ол дуальды  оқыту, яғни кәсіпкерлерді біздің оқу бағдарламаларына көбірек тарту», - деді министр.

Жыл басында Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке волонтерлікпен айналысатын ЖОО студенттерінің шәкіртақысын 30 пайызға арттыруды тапсырды.

Дереккөз: bilimland.kz.


06 мамыр 2019 г. 1 796 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 735 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930